Ақтөбедегі балабақша аудан әкімі мен орынбасарларының жеке үйіне айналды
Фото: Orda.kz / Ардақ Ерубаева
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданындағы екі қабатты балабақшаны 23 жыл бұрын аудан әкімі мен оның орынбасарлары жекешелендіріп алған. Шенеуніктер теміржолшылардың балаларына арналған балабақша ғимаратын қалай өз мүлкіне айналдырды?
Аудан орталығында орналасқан балабақшаны 1999 жылы төртке бөліп, аудан әкімі, оның орынбасары және ауданның бас дәрігері болған азаматтар жекешелендіріп алған. Кейбірі меншіктеп алған балабақшаны жеке мүлкі ретінде әкімдікке қайта сатқаны белгілі болды. Тоқырау заманында талан-тараж болған ғимарат қалай әкімнің үйіне айналғанын зерттеп көрдік.
Қандыағаш қаласы, А. Жұбанов көшесі №14 ғимарат 1972 жылы салынған. Аталған ғимарат 1999 жылға дейін теміржол саласы мекемелерінің балабақшасы ретінде қолданыста болды.
«1999 жылы әлеуметтік сала мекемелерін, оның ішінде балабақшаларды мемлекет қаржысы есебінен ұстап тұру қиынға түсуіне байланысты және бюджет тапшылығы салдарынан аталған балабақша жабылып, ғимарат 4 пәтерге бөлініп, қаңырап қалмау үшін кезекте тұрған қала тұрғындарына берілген» дейді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Руслан Қамбаров.
Ал Мұғалжар ауданына 11 жыл әкім болған Серік Шаңғұтов балабақшаны кезекте тұрған қала тұрғындары емес, аудан басшылары бөліп алғаны туралы ақпаратты жайып салды.
«Мұғалжар ауданы 1997 жылы ашылды. Сол кезде теміржолшылар балабақшасы қараусыз қалған еді. Меншікке берілмеген, иесіз қалған. Аудан ашылған кезде басшылар баспана іздейді. Осыны көреді. Төрт адам бөліп алады. Үйді иесіз деп тану үшін сотқа да береді. Төрт адам өз қаражаттарына жөндеу жасап, кірді. Мұғалжар ауданының сол кездегі әкімі Арынғазы Беркімбаев, орынбасарлары мен аурухана бас дәрігері болып, төрт адам жекеге шығарып алады» дейді Ақтөбе облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтов.
Серік Шаңғұтов кезінде 11 жыл Мұғалжар ауданының әкімі болды. Қазір Ақтөбе облысында ардагерлер кеңесінің төрағасы. Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысына әкім болып тұрған тұста, Мұғалжар ауданын ұзақ жыл басқарса да жол мен жарық мәселесін шеше алмаған шендіге ескерту беріп, Шаңғұтовтың үйінің жарығын сөндіртіп тастаған еді. Кейін ол қызметтен кетті.
Серік Шаңғұтов кезінде шенеуніктердің меншігіне өтіп кеткен балабақшаның бір бұрышы 2016 жылы әкімдікке қайта сатылғаны туралы да айтып берді. Бұл ақпаратты ауданның қазіргі әкімдігі де растап отыр. Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Ғалым Қобландиннің айтуынша, аумағы 149,4 м2 болатын баспананы әкімдік 9 900 000 теңгеге сатып алып, меншігіне алған. Қазір балабақшаның бір бұрышын әкімдік мамандары қызметтік пәтер ретінде пайдаланып жүр.
11 жыл аудан басқарған кезде балабақша ғимаратын баспана қылып тұрған әкімдердің бірі болған Шаңғұтов «басымда үй жоқ» деп ақталды. Шендінің үй сатып алуға ақшасы болмай, балабақшаны меншіктеп алған әріптестерінің баспанасын жалдап тұрған.
«Мен әкім болған кезде осыған дейін аудан әкімінің орынбасары болған Әубәкіровтың үйін жалдап тұрдым. Басымда үй болған жоқ. Ол адам сата қоймады, сатса да ақшам жоқ еді. «Жөндеуін, басқасын дұрыстап істеймін» деген уәде беріп, мен тұрдым. Әкімдік қызметкерлері көршілерім болған соң мен де сол үйге кірдім. Болмаса, маған мұнайшылар жақсы үй берді ғой. Мен көршілерім үшін сол үйді жалдадым. Үй дейтін үй емес. Қуыс-қуыс үш бөлме. Коттеджге қызыққаным жоқ. Жаман үйде тұрдым. Сол үйде екі баламды аяқтандырдым» дейді Мұғалжар ауданының бұрынғы әкімі Серік Шаңғұтов.
Балабақшаның қалған үш пәтері де қазір бос емес. Жеке баспана ретінде басқа адамдардың атында.
Авторы: Ардақ Ерубаева, Ақтөбе
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық