Ақтөбеде су толы арыққа құлаған Назарбаев мектебінің оқушысы өлім аузынан қалды
Коллаж Orda.kz
Ақтөбедегі Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы сабақтан қайтар жолда суы тасып жатқан арыққа түсіп кетті. Оқушыны еңгезердей сегіз ер адам әрең шығарды. Жасөспірім ішінен жарақат алған.
Оқиға 31 наурыз күні кешкі сағат 18:00-де Ақтөбе қаласы Батыс 2 ауданындағы Мәңгілік ел көшесінде тіркелді. Сабақтан шыққан 15 жастағы жасөспірім жүргіншілер жолағымен келе жатып, арыққа құлаған. Иығына дейін су болған оқушыны жақын маңдағы фитнес орталығының қызметкерлері көріп, шығарып алды.
«Жасөспірім көшеде су толы шұңқырға құлаған. Куәгерлер бірден шығарып, көмектескен. Ішінің жұмсақ терісі көгерген. Ата-анасы ауруханаға жатқызудан бас тартып, үйіне алып кетті» деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Балшығы езіліп жатқан аудандағы арыққа құлаған қыздың видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Жазбадан оны бірнеше ер адамның әрең шығарып алғаны көрінеді. Қыз баланың киімі қатты затқа ілініп қалған болуы мүмкін. Құтқару кезінде оқушы сыртқы киімсіз қалған.
Облыстық білім басқармасының мәліметінше, көмек көрсетушілер қыз баланы жақын жердегі фитнес орталығына кіргізіп, киімін алмастырып, ыстық шай берген. Баланың ата-анасы да, жедел жәрдем қызметкерлері де сол жерге шақырылды.
«Оқушыны ата-анасы үйге алып кетті. Қыздың анасы дәрігер болғандықтан ауруханаға жатудан бас тартқан. Оқушыға тиісті көмек көрсетіледі» деп хабарлайды облыстық білім басқармасы.
Желіде тарап кеткен видео Ақтөбенің әкімдерін аяғынан тік тұрғызды. Жергілікті шенділер адам бойындай арық толы суды санаулы сағатта ретке келтірді.
Ақтөбе облысы әкімдігінің ресми парақшасында ұрысып, кінәліні іздеп жүрген әкімдердің видеосы да тарап кетті.
«Не болды? Бұрын не ойладыңдар?» деген Актөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің сауалына қала басшысы ауданды дала суы басып кеткенін айтып жатыр. Дала суы жылда болады. Былтыр да солай болды. Осының бәрі алды-артын ойламағанның кесірі. Сендер ойнаған екенсіңдер. «Құдайдың құдіретімен ойнамаңдар» деп айттым. Біздің ауылдың сулары бір күнде толып, даланы алып кетеді» деді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин қала басшысына.
Қала басшысы Асхат Шахаров арнайы штаб түнімен арнайы техникалар арқылы елді-мекендердегі жағдайды бақылауға алатынын хабарлады.
Ал осы уақытта Ақтөбе облысының Қобда ауданы жарықсыз қалды. Ауылдағы 165 тұрғын үйдің жарығы сөндірілген.
Судың көптігінен қаланың өзінде сабаққа бара алмай жатқан оқушылар бар. Кейбір мектептерде бүгіннен бастап онлайн оқуға көшетіні туралы хабарланып жатыр.
Авторы: Ардақ Ерубаева, Ақтөбе
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық