Ақтөбеде наразылыққа шыққан 10 шақты адамды полиция ұстады
28 ақпан күні Ақтөбе қаласындағы орталық стадионның жанына 10 шақты адам келіп наразылық білдірді, оларды сол арадан полиция қызметкерлері ұстап әкетті.
Наразылыққа шыққандардың бесеуі саяси тұтқындарды босатуды талап етіп, ағылшын тілінде «Бостандық», «Қудалау тоқтасын», «Қарар. Иә» деген жазулары бар плакат ұстап шыққан. Қалғанын адамдарды полиция шеру белгіленген орынға жеткізбей ұстаған.
Полиция жиынға келгеннің бәрін автозактар мен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясының автобустарына отырғызып, алып кеткен. СНПС-Ақтөбемұнайгаз – Қытайдың CNPC деп аталатын ірі мемлекеттік компаниясының жергілікті еншілес кәсіпорны.
Орталық стадион маңы қоршалмаған. Дегенмен стадион маңында күштік құрылым қызметкерлері мен полиция көлігінің қарасы көп. Ақтөбе орталық стадионы Әбілқайыр хан даңғылының бойында. Ол облыс әкімдігі ғимаратынан 300 метрдей ғана жерде.
Оқиға орнынан хабар таратуға барған Азаттық тілшісіне полиция қызметкерлері мен азаматтық киім киген ер азаматтар кедергі жасап, журналист камерасын көлегейлеп тұрған.
Азаттық тілшісі өз редакциясына осыған дейінгі бейбіт жиындарда полиция мұндай әрекетке бармайтын еді дегенді жеткізген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық