Ақтөбеде мектебі жоқ ауыл тұрғындары әкімнің алдында жылап жіберді
Коллаж Orda.kz
Ақтөбе облысының әкімін арнайы іздеп келген ауыл тұрғындары Оңдасын Оразалинмен қуып жүріп кездесті.
Шағын бекет тұрғындары әкіммен кездесу үшін үш сағат жол жүріп келген. Әкімдік ғимаратының алдына келіп, тағы сағаттап күтті. Ауыл халқы «Аманат» партиясында отырған Оңдасын Оразалинді шенеуніктердің көмегінсіз өздері тауып алды.
Мұғалжар ауданы Темірмост бекетінің тұрғындары мектеп мәселесіне әкімнің араласуын талап етті. Айтуларынша, кешеден бері балаларын мектепке жіберуді тоқтатқан. Себебі 80 жыл бұрын саманнан салынған мектеп бүгінде құлағалы тұр. Тозығы жетіп, қабырғасы үгітіліп тұрған мектеп төбесі «балалардың үстіне құлап кете ме?» деген қорқыныш бар.
«Мектебіміз апатты жағдайда тұр. Сондықтан мен қазір балаларымды сабаққа жібере алмай отырмын. Төбесі құлайын деп тұр. Оқыс жағдай болса кім жауап береді? Әлде міндетті түрде біреуі өлуі керек пе?» деді ауыл тұрғыны Гүлмира Төлегенова.
Тұрғындар ауылдағы жүзге жуық баланың әр жерге барып оқып жүргенін айтты. Ауылдағы апаттық бекетте қазір бастауыш мектептің 28 баласы ғана оқып жүр. Вокзалдың құлайын деп тұрған ескі ғимаратын 50 жыл бойы мектеп етіп пайдаланғандар бұл қорлықты тоқтатуды талап етті.
Мектептен басқа ештеңе сұрамаймыз
«Біз 9 жылдық мектеп ашып беруін сұраймыз. Мектептен басқа ештеңе сұрамаймыз. Өтінішімізді айтып, облыс әкіміне келіп тұрмыз. Балаларымыздың өмірі үшін қорқамыз. Кешеден бері сабаққа жібермей отырмын» дейді Райшан Байділова.
Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нағымжан Алдияров Темірмост бекетіне салынатын жаңа мектептің құрылысына қажетті жобалық-сметалық құжатының қайта жасалатынын хабарлады.
Басқарма басшыларының жауабына қанағаттанбайтынын айтқан Темірмост тұрғындары әкіммен кездеспей ешқайда кетпейтінін айтты.
«Ешқандай нәтиже жоқ. Күнде ертеңмен шығарып салады. Сондықтан бас тіреп, облысқа келіп тұрмыз. Бізді әкімнің қабылдағанын қалаймыз. Қабылдамаса күнде келе береміз. Орынбасарлары қабылдап-қабылдап тойдық. Қонуға да дайынбыз» деді ауыл тұрғыны Тюльпан Душебаева.
Шенеуніктердің уәдесінен шаршаған тұрғындар облыс әкімінің орынбасарларының да, басқарма басшыларының да жауабын тыңдаған жоқ. Әкіммен кездестіруді талап етті. Бірнеше сағаттан соң «Аманат» партиясында қоғамдық қабылдау жүргізіп жатқан облыс әкімін өз беттерімен тауып алды.
«Мен барлық жағдаймен таныспын. Түсінемін. «Қыркүйекте мектеп ашып беремін» деген құрғақ уәде бере алмаймын. Жобалық сметалық құжаттардың реттелуіне уақыт керек. Бір жыл амалдау керек. Ата-аналар аудан әкімдігі, білім басқармасымен келісуі керек. Балаларды көрші ауылдағы мектепке тасып оқыту немесе ауылдан лайықты орын іздеу қажет. Балаларды сабақтан қалдырмауымыз керек» деді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.
Кездесуге келген тұрғындар әкімнен көздеріне жас алып көмек сұрады.
Әкім «Аманат» партиясының облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұловқа ертең ауылға барып, мәселені шешуді тапсырды.
Авторы: Ардақ Ерубаева, Ақтөбе
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық