Ақтөбеде мас еркек ойын алаңынан баланы алып кетпек болды
Ақтөбе тұрғыны бейтаныс адамның ойын алаңынан қызын қалай алып кетпек болғанын айтып берді. Күдікті ер адам әйелдің оны бақылап тұрғанын білмей қалған.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Оқиға 9 тамыз күні кешке қаладағы тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған.
– Мен екі баламен ойын алаңында болдым. Кенже ұлыммен айналысып жүргенде, шамамен 45-50 шамасындағы мас кісі үлкен қызыма (төрт жаста) жақындады. Қызымның қолын сипап, оған: «Менімен бірге жүр» деген, - деп жазды әйел Instagram-да.
Мұны көрген қыздың анасы еркекке тап беріп, ұрыса бастаған. Ал ер адам баланы шатастырып алғанын және өз баласын іздеп жүргенін алға тартқан.
Осыдан кейін ол көлікке мініп, кетіп қалған. Көлікте тағы бірнеше ер адам отырған. Олар барлығын шеттен бақылаған. Баланың анасы оларды суретке түсіруге қорыққан. Себебі, олар балаларын қағып кетуі мүмкін еді. Кейін жүріп бара жатқан жерінен көлікті түсіріп алған.
Келіншек сол сәтте ойын алаңында балалармен бірге серуендеп жүрген басқа да ер адамдар «ұрыны» ұстауға тырыспағанына налыды.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті «көлікті таптық, жүргізуші мен жолаушылар тергеу мақсатында полиция бөлімшесіне жеткізілді» дейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық