Ақтөбеде элеватор резервуарына құлаған 9 жастағы бала өлім аузында жатыр
Коллаж Orda.kz
Ақтөбеде қараусыз қалған ескі элеватор резервуарына 9 жасар бала ойнап жүріп құлап, жансақтау бөліміне түсті. Миына қан құйылған жасөспірімнің сау жері жоқ.
Оқыс оқиға 30 мамыр күні кешкі уақытта болған. Қараңғы түсе ата-анасы баланы үй айналасынан таппай, полицияға хабарлайды. Кейін баланың ескі элеватор резервуарына құлағаны белгілі болды. Қараусыз ғимаратта ойнаймын деп жансақтау бөліміне түскен жасөспірімнің туыстары оқиғаның қалай болғанын айтып берді.
«Сол күні жанұшыра іздедік. Қараңғы түскенше жүрмейтін. Полицияға хабарластық. Балам осы жерге құлап, тоғыз сағаттай жатып қалған. Тек түнгі 23:00 шамасында ғана тауып алды. Біз уақыт жоғалтып алып тұрмыз. Ішкі құрылысының бәрі аппаратта жатыр. Миына ауа бармай қалған. Енді біз осы жерді қоршауға алып, бақылауды немесе қиратуды талап етеміз. Иесін жауапқа тарту керек» дейді баланың әкесі Серік Құрманов.
9 жастағы Батыр отбасындағы екінші бала. Анасының бесінші баласына аяғы ауыр.
Ата-анасының айтуынша, баламен бірге ойнаған достары оқиғаны көзімен көрсе де жағдайды ешкімге хабарламаған.
«Олар бір-бірімен «айтпаймыз» деп келісіп алған. Үш рет сұрап, бір сағатымды жоғалттым. Төртінші рет хабарласқанда ескі ғимаратта ойнағанын мойындады. Сол жерге полициямен бардық. Полиция ішіне кіріп-шыққаннан кейін табылғанын хабарлады. Бірақ бізді бірден сыртқа алып кетті. Дала тас қараңғы ештеңе көрінбейді. Үш сағат өткенде өлді деп ойладым. Олар аумақты қоршап, құтқару жұмыстарын жүргізді. Түнде 2:30-да алып шығып, 3-те ауруханаға жеткізді. Біз аумақты бұзып, қоршап тастауды талап етеміз» деді анасы Венера Құрманова.
Дәрігерлер баланың миына қан кетіп, кеуде қуысы, жамбас сүйегі сынғанын хабарлады.
«2013 жылы туған бала кеше түнгі сағат 15:00 шамасында ауруханаға комада жатқан күйінде жеткізілді. Өте ауыр жағдайда болды. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Баланың жағдайы ауыр» дейді облыстық балалар ауруханасының дәрігері Сағидолла Пірімжанұлы.
Авторы: Ардақ Ерубаева, Ақтөбе
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық