Ақтөбеде экс-полицей бүлік ұйымдастырды деген күдікке ілінді
Фото: Диапазон
Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бұрынғы қызметкері Қуат Шамұратов Ақтөбеде жаппай тәртіпсіздіктің бастамашысы болды деген күдікке ілінді.
Диапазон басылымының хабарлауынша, Шамұратов басқармада 10 жылдан аса уақыт жұмыс істеген. Кейін басқармадан кетіп, өз кәсібін ашқан.
Қазіргі таңда бұрынғы полицейдің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Шамұратовтың анасы «ол төрт баланың әкесі және ондай әрекетке бармайды деп отыр».
«Балам наразылыққа соңынан қосылған. Ол қалай ұйымдастырушы болады?» дейді Шамұратовтың анасы Маржан Серікбаева.
Ал күдіктінің әкесі Болат Шамұратов наразы топ оны сайлағанын, бірақ ол оған қатыспағанына сендірді.
«Тәртіпсіздікке шыққандар бастамашыл топ сайлады, бірақ Қуат оның құрамына кірмеді. Наразылыққа шыққандар арасында агрессивті жастар пайда болған кезде Қуат полиция шақырған. Балам кінәлі емес екенін айтты. Кінәсін мойындату үшін аяусыз соққыға жыққан. Оны емделуге жібермей отыр. Адвокаты Тоқаевқа өтініш жазды» дейді Болат Шамұратов.
Әзірге жауапты органдар ешқандай түсініктеме бермеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық