Ақтөбеде ғимараттың шатыры мен екінші қабаты құлады
«Даму» қорының Ақтөбедегі филиалының ғимаратында шатыры мен екінші қабаты құлады. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» филиалының қызметкері ауыр халде жатыр.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевтың айтуынша, қазіргі уақытта 1988 жылы туған зардап шегуші ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.
- Оның бірнеше қабырғасы сынған, жабық ми жарақаты бар. Дәрігерлер оны қалпына келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда, - деп түсіндірді Рүстем Исаев.
ТЖД баспасөз қызметінен хабарлағандай, 1 қыр қыркүйек күні сағат 19:25 екінші қабатқа төтеп бере алмаған шатырдың құлауы туралы хабарлама келіп түсті. Төтенше жағдай орнына құтқарушылар дереу шықты. Үйінділер астынан 5 адам шығарылды.
- Құлау себептерін мамандар анықтайды. Істің барлық материалдары полицияға тапсырылды, - дейді Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Гүлжанат Нағыметова.
ПД баспасөз қызметі ҚР ҚК 156-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

- Құлағаннан кейін ғимарат аумағын біздің қызметкерлер қоршап алды. Оқиға орнына алдын ала тексеру жүргізілді, - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов.
Бұл ғимаратты жалға алған бірнеше ірі ұйымдардың жұмысы тоқтады. Олардың қатарында «Даму» және АШҚҚҚ-дан басқа, бұл «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалы, «Алға КТ» ЖШС, сондай-ақ жеке нотариус және бағалау компаниясы бар.
Кейін түскен ТЖД хабары бойынша, ауыр жарақаттардан бір әйел ауруханада көз жұмды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық