Ақтөбеде ер адам әйелін қайнаған сумен күйдірді
Фото: Ашық дереккөзден
Ақтөбе тұрғыны әйелінің үстіне қайнаған су құйып, жедел жәрдем шақыруға мүмкіндік бермеді.
Диапазон басылымның мәліметінше, оқиға балалардың көзінше болған. Күйік пен ауырсынудан әйел тіпті қозғала алмаған. Басылым күйеуінің екі күн бойы жедел жәрдем шақыруға рұқсат бермегенін, қол-аяғын сындырамын деп қорқытқанын атап өтті. Бұл жағдай «Не Молчи» қоғамдық қорында айтылды. Ал азаптаушы жұмысқа кеткенде жәбірленушінің өзі жедел жәрдем шақырған.
«Ауруханаға полиция шақырылды, дегенмен осындай сұмдықты басынан өткерген әйел арыз жазудан бас тартты. Полиция ештеңе істей алмайды. Әйел маскүнем күйеуінің одан әрі зорлығына төзе бермекші» деп жазды құқық қорғаушы Дина Таңсәрі.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, отбасында алты бала бар, кішісі небәрі бір жаста, үлкені 14 жаста. Әйел жүкті болған кезде күйеуі басын жарған, бірақ сонда да ол полицияға бармаған.

Бұл іске қатысты Ақтөбе полициясы түсініктеме берді.
«Аурухана термиялық күйік шалған әйелдің ауруханаға жатқызылғаны туралы хабарлады. Жәбірленушіден ол өз абайсыздығынан күйік алғандықтан, ешқандай шара қолданылмағаны туралы арыз түсті. Бірақ бұл ақпаратты әлеуметтік желіде жариялаған соң, біз қосымша тексеру жүргіздік. Қазір ол күйеуіне қатысты шара қолдану туралы арыз түсірді. Күйік фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаменті.
Жәбірленушінің күйеуі қамауға алынды, деп хабарлады полиция. Сондай-ақ, полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін жасырмай, құқық қорғау органдарына міндетті түрде хабарлауды сұрайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық