Ақтөбеде баласы қарт анасын ұрып өлтірді
Ақтөбеде 51 жастағы ер адам өзінің 84 жастағы анасын ұрып өлтірді. Қария ауруханада көз жұмды. Ер адамға сот үкімі шықты.
«Диапазон» басылымының хабарлауынша, 84 жастағы әжей баласымен тұрған. Ер адам анасына тамақ бергенде ол оны түкіріп тастаған. Ашуға салынған баласы анасының бетінен ұрып, сосын басы мен қабырғасынан ұрған.
Әйелдің миына қан құйылған. Оған бас-ми жарақаты диагнозы қойылған. Сондай-ақ, қабырғасы сынған.
Қарияның ұлы бірден жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлердің жарақат туралы сауалына ол бір ай бұрын белгісіз біреулер соғып кеткен деп жауап берген. Салдарынан әжей ауруханада көз жұмды.
Полицейлердің жүргізген тергеуінен кейін 84 жастағы әйелді өзінің ұлы ұрғаны белгілі болған. ҚР Қылмыстық кодексінің «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша іс қозғалған.
Ер адам бала кезден анасы екеуінің қарым-қатынасы ауыр болғанын, үйден жиі қашып кеткенін мойындаған.
«Сол күні кешке мен анама ашуландым, себебі ол тамақты түкіріп, дәретханаға кіріп кетті, мен анамды ұрдым, қанша рет екені есімде жоқ, содан кейін жедел жәрдем шақырдым. Мен өлтірем деп ойлаған емеспін. Барлығы абайсызда болды. Ең төменгі жаза тағайындауыңызды өтінемін» деді сотталушы.
Сот оны кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық