Ақтөбеде автоорталықта газ балоны жарылды: бір адам қаза тапты
Фото: Orda.kz
Ақтөбедегі автокөліктерге техникалық қызмет көрсету орталығында газ балоны жарылып, күзетші қайтыс болды. Оның денесі бес сағаттан кейін ғана арнайы иттердің көмегімен табылды.
Оқиға 22 ақпан күні таңертең орын алған. ТЖД кезекші бөліміне таңғы сағат 04:11-де «Альтаир» жанар-жағармай бекетінің отқа оранғаны туралы ақпарат түскен.
– Ақтөбе қаласы Смағұлов көшесінде орналасқан бекетке өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қатар жіберілді. Іздеу-құтқару қызметі 1954 жылы туған күзетшінің денесін тапты.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде «Альтаир» техникалық қызмет көрсету стансасында газ қосындысының жарылғаны анықталды. Кейін аумағы 600 шаршы метр болатын ғимарат қирап, ортасында түскен. Техникалық қызмет көрсету орталығындағы және оның жанында тұрған 11 көлік бүлінді. Таңғы сағат 4-тен бастап күзетшіні іздестіру жұмыстары жүргізілді. Таңғы уақытта иттердің көмегімен адам жатқан жер анықталды. Дене бетон арасынан шығарылды,- дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Қайрат Қасым.
Алдын ала болжам бойынша, көліктегі газ балоны құрылғысынан газ шыққан.
Оқиға орнында 136 адам мен 16 техника жұмыс істеді. ҚР ҚК-нің 292-бабы 2-бөлігі «өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ардақ Ерубаева, Ақтөбе қаласы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық