Ақтөбеде қаңтарда қамалған экс-полицейдің туыстары прокуратура алдына келді
Фото: Orda.kz / Ардақ Ерубаева
Ақтөбеде қаңтар оқиғасынан кейін «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» деген айыппен қамауға алынған Қуат Шамұратовтың туыстары бүгін облыс прокурорына келді. Әкесі екі айдан аса уақыт қамауда отырған ұлының жазықсыз екенін айтып, үйқамаққа ауыстыруды талап етті.
«Балам жазықсыз. Таққан айыптары дәлелсіз. Ол ештеңені өртемеді, бүлдірмеді, мүлікті жоймады, қарсылық көрсеткен жоқ. Балама бостандық сұраймын. Оның денсаулығына алаңдаймыз. Басынан қару ұңғымасымен неге ұрады? Аяусыз соққыға жыққан тәртіп сақшылары әлі күнге жауапқа тартылған жоқ» дейді әкесі Болат Шамұратов.
Қылмыстық кодекстің 272- бабы 1 бөлігімен күдікті деп танылған Қуат Шамұраттың туыстары қамау мерзімінің ұзартылғанымен келіспейді.
«Үш айдан бері қамауда жатқан бауырымызға себепсіз жала жабылып жатыр. Қазіргі уақытта ол баланың денсаулығы нашарлауына байланысты тергеу аяқталғанша үйқамаққа ауыстыруды сұраймыз. Себебі оны 7 қаңтар күні полицияға жеткізгенше ұрған. Басына, қабырғасына зақым келді» дейді туысы Ақсүйрік Шамұратова.
Қуат Шамұратовтың туыстары тергеу барысына наразы. Айтуларынша, оны ұрып-соққан полиция қызметкерлері әлі күнге дейін жауапқа тартылмаған.
Талап қойған туыстарымен кездесуге облыс прокуратурасының бірінші басқарма басшысы Тимур Қыдыралин шықты. Оқиғаға қатысты тергеудің жүріп жатқанын баяндады.
«Қылмыстық іс бойынша тергеу әлі аяқталған жоқ. Тиісті баға беріледі. Істі егжей-тегжей айтуға құқымыз жоқ. Тергеу аяқталғаннан кейін іс құжаттарымен таныса аласыздар» деді Тимур Қыдыралин.
Басқарма басшысы күдіктіге жасалған қысымға қатысты прокуратура нұсқауымен іс қозғалдығын хабарлады.
Қаңтар оқиғасы кезінде белсенділігімен көзге түскен Қуат Шамұратов 44 жаста. Төрт баласы бар. Екі жылдан бері жеке кәсіпкер және қоғам белсендісі ретінде танымал. Оған дейін полицияда жедел уәкіл қызметін атқарған.
Қаңтар оқиғасынан кейін Ақтөбеде 14 қылмыстық іс қозғалды. 12 адам тергеу изоляторына қамалды. Сегіз ақтөбелік үйқамаққа алынды.
Авторы: Ардақ Ерубаева, Ақтөбе
Жаңалықтар
- Жамбылда полиция подполковнигі есірткі саудасы үшін сотталды
- Алматы облысында 17 адам 800-ден астам көлікті заңсыз тіркеген
- Трамп түн жарымда қызметкеріне қоңырау шалып, Тоқаевқа сәлем жолдаған
- Тоқаев Құрылтайдың тұңғыш сессиясын өткізуге қол қойды
- Ат байлаған арқанға ілініп қаза тапқан қызға қатысты оқиғаның жай-жапсары белгілі болды
- Пашинян: «ҰҚШҰ бітімгерлері Арменияға кірмейді»
- Оралда «тентек кәде» сұраған «әртістің» тісі үгітіліп, қабырғасы сынды
- Жатақханаға 100 мың теңге өтемақы кімдерге беріледі?
- Алматы облысында екі баланың анасы көлік қағып қаза тапты
- Отандық баскетболға 100 жыл: Тоқаев FIBA президентін қабылдады
- Бірі қабірде, бірі мүгедек: Екі адамды қаққан 21 жастағы жүргізушіге апелляция сот шешімі қандай?
- Алматыдағы электр өшуіне Канье Уэсттің қатысы жоқ – Энергетика министрлігі
- Атырау МӨЗ-де өрт шықты
- Арменияда экс-президент Роберт Кочарян мен оның ұлы ұсталды
- ОСК қорытындысы: Ең көп мандатты «Әділет» партиясы иеленді
- Башар Асад режимінің бұрынғы мүфтиі өмір бойына бас бостандығынан айырылды
- Қазақстанда көмір тапшылығы болмауы үшін үкімет ЖИ-ге жүгінеді
- «Сұңқар» трамплиндері ісі: Алматы соты Ерлан Сариевті ақтады
- «Қалқаман» метро станциясы қашан ашылатыны белгілі болды
- Шымкентте спорт шеберін азаптап өлтірді деген алты адамның соты басталды