Ақтөбеде қаңтар оқиғасына қатысқан 20 адам қамауда отыр
Ақтөбелік прокурорлар 14 қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
Оның екеуі терроризм бабымен.
Құқық қорғау қызметкерлерінің мәліметінше, қаңтар оқиғасы кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз еткен 31 маман түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған. Прокурорлар бүлінген қызметтік көліктер мен зақымданған арнайы құралдарға объективті құқықтық баға берілетінін хабарлады.
«Ұйымдастырушылар полицейлерге қатысты зорлық - зомбылықты қолдана отырып, облыс әкімдігі ғимаратын басып алып, мемлекеттік мүлікті бүлдіру арқылы 230 млн.теңге шығын келтірді. Ақтөбе қаласы әуежайының жұмысы бұғатталды, әуе қатынасы тоқтатылды. Арандатушылардың ықпалымен заңсыз акциялар облыстың Әйтеке би, Хромтау, Темір және Мұғалжар аудандарында өтті» деп хабарлайды Ақтөбе облысының прокуратурасы.
Аталған қылмыстарға күдікті деп танылған 12 адам изоляторда, 8 адам үй қамауында отыр.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полиция қызметкерлерінің тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін қолдануы бойынша 4 сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, барлық істер бойынша процессуалдық прокурорлар тағайындалды.
Авторы : Ардақ Ерубаева, Ақтөбе облысы
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық