Ақтөбеде 4-5 жастағы үш қыз бала суға батып кетті
Үлкендердің қарауынсыз ойнаған балалар ауылдан бір шақырым жердегі өзен жағасына барған. Қайғылы оқиға Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ақши ауылында болды.
4 маусым күні сағат 19:00 шамасында ТЖД-нің кезекші бөліміне үш баланың өзенге батып кеткені туралы қоңырау түскен. Ырғыз өзеніне батып кеткен балаларды ауыл тұрғыны алып шыққан.
– Ырғыз өзеніне үш бала суға батып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, 2017 және 2018 жылы туған балалар өзен жағасына ересектердің қарауынсыз барған. Біз ата-аналардан баланы су жағасына жібермеуді және қараусыз қалдырмауды сұраймыз, - дейді ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, суға кеткен 4 және 5 қыздар апалы-сіңілі, бір үйдің балалары. Үшінші бала 4 жасар көрші үйдің қызы. Балалар көпбалалы отбасында тәрбиеленген. Аналары ауыл мектебінде жұмыс істейді.
Ардақ Ерубаева, Ақтөбе
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық