Ақтөбеде 10 жасар қызға тиіскен шетелдік сотпен елден шығарылады
Фото: Ашық дереккөзден
Ақтөбеде егде жастағы белгісіз ер адам оқушы қызды қорқытып, мектепке дейін еріп барған. 10 жастағы қыз баланы тәттімен алдап, сабақтан қайтарда күтіп алған ер адам әкімшілік жазамен жауапқа тартылады.
Оқиға 19 сәуір күні Актөбе қаласындағы №2 мектеп-гимназиясында тіркелді. Екінші ауысым кезіңінде сабаққа келе жатқан 3 сынып оқушысына бейтаныс ер адам тиіскен.
Оқиғаның жай-жапсарын қыздың анасы әлеуметтік желіге жазды.
«Қызым мектепке бара жатып дүкенге кірген. 60 жастан асқан ер адам оған тәтті алып береді. Кейін қызыммен бірге мектепке еріп барып, дөрекі түрде оның атын, мектебін, сыныбын сұрап алған. Ол қорыққанынан жауап береді. Сабақ соңында қызымды іздеп келіп, «сурет беремін» деп мұғалімге дейін барған. Абырой болғанда мұғалімдер бірден шара қолданып, ер адамды шығарып жіберген» деп жазды оқушының анасы.
Белгісіз ер адамның оқушының туысы емес екенін байқаған мұғалім бірден оқушыларды үйге жібермей, ата-аналарының алып кетуін сұрады.
«Сабақ басталардан бұрын оқушымен бірге мектеп ауласына келген. Сабақ соңында қайта келген. Мектеп әкімшілігі бөгде адам жүргенін бірден байқады. Балаға жақындауға құқыңыз жоқ деп мектеп ауласынан шығарып жіберді» дейді №2 мектеп-гимназия директоры Сәния Дәнішева.
Мектеп басшысының айтуынша, полицияға арызды ата-ана түсірген. Облыстық полиция департаменті қоғамдық орында кәмелетке толмаған балаға тиіскен 1961 жылғы ер адамға әкімшілік іс қозғалғанын хабарлады.
«Сот шешімі қабылданған соң, мемлекеттен шығару шаралары қарастырылады. Оның айтуынша, 19 сәуір қайтыс болған әкесін еске алу күні дүкенде кәмелетке толмаған қыз балаға кәмпит ұсынған, кейін мектепке барып, оған өз қолымен салған суреттерді бермек болған» дейді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ата-аналар болса әлі де үрей құшағында отыр. Тиісті мекемелер мұндай мәселені бақылауда ұстағаны жөн деп санайды.
Қалалық білім бөлімі мектепте қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырған.
Авторы: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық