Ақтөбе: Жүк көлігі жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен
polisia.kz
10 қаңтарда Самара-Шымкент тас жолының 773 шақырымында апат болды. Жүргізуші жолды белгісіз жерде кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ОРДА Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жаяу жүргінші апат салдарынан алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды, ал жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті. Сонымен қатар, қайғылы оқиға орын алған күні тұман мен мұз болған. Қылмыстық кодекстің 345-бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша іс қозғалды.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жаяу жүргіншіні қағып өлтірген күдікті ұсталды. Тергеу барысында анықталғандай, 47 жастағы мерседес жүк көлігінің жүргізушісі, Алматы облысының тұрғыны. Ол Ақтөбе қаласына қарай кетіп бара жатқан. Ал зардап шегуші – Мұғалжар ауданының тұрғыны. Жүргізуші адамды абайсызда қағып кеткен. Жауапкершіліктен қорыққан алматылық оқиға орнынан қашып кеткен.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық