Ақтөбе — төртінші мегаполис?
Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ақтөбе облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары қаралды.
Бұл туралы Orda.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады.
Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Қайырбек Өскенбаев, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин баяндама жасады.
Үкімет басшысы Ақтөбе облысы – батыс аломерациясының орталығы, еліміздегі маңызды индустриялық-аграрлық өңір екенін атап өтті. Жоспарда 36 іс-шараға шамамен 5,8 трлн теңге инвестиция тартылады. Өңірде 450 га аумақта түрік инвесторларын тартумен «Gebze» атты индустриялық аймағы құрылады. Жоба бойынша, 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құрылады.
Ақтөбе облысының өңіраралық байланыс жақсатру мақсатында 525 шақырым республикалық және жергілікті маңызы бар тас жолдары жөндеуден өтті. «Ақтөбе-Орск» және «Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолы» сияқты тас жолдар жаңартылады. Ақтөбе қаласының «өсу орталығы» және елдің батысындағы ірі көлік торабы ретіндегі рөлін күшейтеді.
Денсаулық сақтау мен білім беру жүйесінде көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту үшін заманауи инфрақұрылым құрылады. Облыста ауруханаларды пайдалануға берумен қатар, балаларды емдейтін онкологиялық орталығы салынады.
Жалпы, жоспарға сай өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын, табысы мен әл-ауқатын жақсартып, 114 мың жаңа жұмыс орны ашылуы күтілуде. Премьер-министр бекітілген Ақтөбе облысының 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарының шараларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз етуді тапсырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық