Ақтөбе полициясы «митинг орнында» бақылауды күшейтті
Ақтөбеде 5 маусым күні «митинг өтеді» деген орталық стадион айналасын полиция бақылауға алып, күзетті күшейтті. Оппозиция өкілі Мұхтар Әбіләзов Ақтөбеде сайлау күні сағат 14:00-де стадион алдында митинг өтетінін хабарлаған еді.
Белгіленген уақытта аумаққа полиция көліктері қойылып, 10-15 метр сайын тәртіп сақшылары қос-қостан жүрді. Наразылыққа шыққандар байқалмады. Аялдама жанына қоғамдық көліктері қойылған. Ішінде полиция қызметкерлері отыр.
– Полиция әрдайым жұмыста. Қоғамдық тәртіп күндіз-түні бақыланады, - дейді өзін Тимур Наурызалин деп таныстырған полиция қызметкері.
Сайлау учаскелеріне барып, Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумда дауыс берушілердің де пікірін білдік. Ақтөбедегі № 68 сайлау учаскесіне келген қала тұрғыны Орал Досанов тіл тағдыры үшін ғана сайлауға келгенін айтты.
– Конституцияда мемлекеттік тіл - қазақ тілі деп қалдырып, орыс тілін алып тастауды сұраймыз. Бүгін референдумға осы тіл тағдыры үшін келдім. Бірақ негізі өзгертуде бұл бапты мүлде қарастырмады. Бұл қазақтың елі. Әлі орыс тілімен тіркесіп жүрміз. АҚШ-та ағылшын, Францияда франсуз тілі ғой. Неге біз екі тілді қатар қолданамыз? Қазақ тілін білмесе үйренсіз, - деді қала тұрғыны Омар Досанов.

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында 517 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. Нұр-Сұлтан уақытымен 16:00-ге дейін тұрғындардың дауыс беру белсенділігі 53, 52 пайызды құрады.
Ардақ Ерубаева, Ақтөбе
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық