Ақтөбе полицейлері 27 млн теңгелік есірткі тәркіледі
Ірі арнайы операция барысында Ақтөбе полицейлері есірткі сатушылардан 27,2 миллион теңгеге тыйым салынған заттарды тәркіледі, деп хабарлайды Orda.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Арнайы операцияға Ақтөбе облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және Ұлттық ұланның арнайы жасағының жауынгерлері қатысты. Ақтөбе облысының аумағында марихуана мен гашишті тасымалдаған және сатқан ірі қылмыстық топтың қызметін ортақ күш-жігермен тоқтатуға қол жеткізілді.
— Тінту мен ұстау бір уақытта қаланың бірнеше мекен - жайы бойынша жүргізілді, сондықтан операция туралы ақпарат тарап кетпеуі керек, - деді Ақтөбе облысы ПД УПН бастығы Нұрлан Таушанбаев.
Полицияның мәліметінше, Жұбанов көшесінде Toyota Rav 4 көлігі тоқтатылып, көлік ішінен есірткі заттар табылған. Ұсталған адамның тұрғылықты жерінен бес килограмнан астам гашиш табылды.
— Оның жанында тағы екі танысы болды, олардың біреуінде бір килограмнан астам марихуана және 10 грамнан астам гашиш болған. Ал тінту кезінде пәтерден 22 килограмнан астам марихуана тәркіленген. Сонымен қатар, қылмыстық топтың тағы үш мүшесі тұрғылықты жерінен ұсталды. Ұсталғандардың барлығы есірткі сатқаны үшін бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Полицейлер барлығы 24 келіден астам марихуана мен бес келіден астам гашиш тәркіледі, - деп хабарлады мекеме.
Қара нарықта тәркіленген есірткінің құны шамамен 27,2 миллион теңге болады.
— Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы, 4-бөлігі «қылмыстық топ жасаған аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу» және 297-бабы, ҚР ҚК-нің 1-бөлігі «есірткі заттарын өткізу, жөнелту немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталғандардың барлығының жоғарыда аталған қылмыстары әшкереленіп, Ақтөбе УП УҰИ - не қамалды, - деп қорытындылады полиция.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық