Ақтөбе облысында заңсыз алкоголь өнімі қолға түсті
Ақтөбеде тәртіп сақшылары сапасы күмәнді спирт толтырылған үш жүк көлігі мен екі фураны тоқтатты. 53 мыңға жуық бөтелке тәркіленді.
Өндірушілер мен импорттаушылар қауымдастығы қызметкерлерінің күмәні кезекті сынақтық сатып алу кезінде туған. Оларды QazSpirit алкоголь өнімдері бөтелкелеріндегі акциздік таңбалар сапасының төмендігі алаңдатқан. Өнім құрамында никотин бар болып шықты.
«Болжамды растау үшін бірнеше бақылау сатып алулары жүргізілді, кейін өнімдер қала бойынша бірнеше жүк көлігімен тасымалданып жатқаны белгілі болды. Бұл туралы құзырлы органдарға хабарланды. Бүгін құқық қорғау органдары 3 жүк көлігі мен 2 фураны ашты. Алдын ала есептеулер бойынша 53 мыңға жуық бөтелке тәркіленген. Қазіргі уақытта күдікті өнімдерге нақты санақ, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалады» деп нақтылады сарапшылар.
Ақтөбедегі оқиға Қаржы мониторингі агенттігі мен QazSpirit қауымдастығының бірлескен жұмысының көп эпизодтарының бірі ғана. Соңғы екі айда тек Алматы қаласында шығарылуы күмәнді және акциздік маркалары жоқ алкогольді өнімдерді сататын 163 сауда нүктесі туралы ақпарат жіберілді. Дәл осылай Алматы облысындағы 151 сауда нүктесіне қатысты ақпарат берілді. Сонымен қатар, жыл басынан бері еліміздің әр өңірінде заңсыз алкоголь өнімдерін шығаратын бірнеше цехтар анықталды.
Мұндай күрделі жұмыс QazSpirits, «КазАлкоТабак», Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бірлескен күш-жігерінің арқасында мүмкін болды. Бөлімшелер алкоголь өнімінің заңсыз айналымына қарсы бірлесіп күресу туралы меморандум жасасты. Бұл ретте өндірушілер, дистрибьюторлар және тұтынушылар заңсыз өнімді өткізу және өндіру фактілерін анықтау туралы келісімге келді.
Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, үстіміздегі жылдың 5 айында салықтық тексерулер, құқық қорғау органдарымен бірлескен жедел іс-шаралар арқылы алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша жүйелі жұмыстың арқасында мемлекеттік бюджетке 38,7 млрд теңге акциздер түсті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе дерлік көп. Рұқсаты жоқ 829,2 мың литр заңсыз алкоголь өнімі тәркіленді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық