Ақтөбе облысында мұнайшылар тағы ереуілге шықты
Ақтөбе облысында Көкжиде мұнайшылары ереуілінің жалғасып жатқанына 5 күн болғанда осы ауылға жапсарлас жатқан өзге бір кеніштің мұнайшылары ереуілге шықты. 29 қаңтар күні түсте Бәшенкөл кенішінде «АМК-Мұнай» компаниясының 60-тан астам кеншісі жұмысқа шығудан бас тартты. Бұл туралы Азаттық хабарлады.
Бұл мұнайшылар да жалақыларын 100 пайызға көтеруді талап етуде. Олар тілшіге 67 мың теңге айлық алатындарын, мардымсыз жалақының ештеңеге жетпейтінін, азық-түлік қымбат екенін айтып шағымданған. Олардың айтуынша, операторлардың жалақысы - 67-70 мың, көлік жүргізушілердің айлығы - 100 мың, супервайзерлердікі -140 мың теңге екен.
Олар былтырғы наурыз айынан бері осы мәселені айтып жүргендіктерін, көрші Көкжидеде осы мәселе көтерілгеннен кейін еңбек инспекциясына шағымданғандарын, олардан «жалақы мәселесі жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы ұжымдық келісім-шарт негізінде шешіледі» деген сырғытпа жауап алғандарын, сол себепті жұмысты тоқтатып, ереуілге шығуға мәжбүр болып отырғандықтарын жеткізді.
«АМК-Мұнай» компаниясының басшысы Ержан Қолдасов Азаттық тілшісіне «жұмыстың тоқтағанын» жоққа шығарып, «жұмысшылар талап қойып отыр, оны әлі талқылаймыз. Сол жаққа барамыз», деп қысқа жауап берген.
Жұмысшылардың сөзінше жұма күні кеніштегі ереуілшілерге Ақтөбе қаласынан тағы 40 жұмысшы келіп қосылуы тиіс болған. Бірақ Темір елді мекеніне келгенде жұмыс берушілер оларды кері қайтарған. Осы топқа қосыла алмай қалғандардың бір бөлігі 29 қаңтарда түстен кейін компанияның Ақтөбедегі кеңсесінің алдына жиналып, талаптарын айтқан.
«АМК-Мұнай» компаниясы «Ада Ойл» компаниясының тапсырысы бойынша мұнай өндіреді. Жергілікті әкімдік әзірге оқиғаға түсініктеме бермеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық