Ақтөбе облысында 14 градус аязда жол жөнделді
Әлеуметтік желіде аязда ыстық қабат төселген жол жөндеу жұмыстарының видеосы пайда болды. Анықталғандай, Ақтөбе-Қандыағаш жолы жөнделген.
700 метр жол құрдымға кетті
Orda.kz тілшісінің хабарлауынша, «КТП» ЖШС мердігері қарашаның 14-і күні түнде кеден бекетінен алыс емес 41-ші жол айрығы ауданында жолдың жаңа қабатын төсеу туралы шешім қабылдаған. Бұл кезде далада 14 градус аяз болып, мердігерлер төсеген жол қабатынан бу шығып жатқан.
Ақтөбеліктер оқиғаны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады.
Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайер Orda.kz тілшісіне оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, мердігерлер жолақтың бір бөлігіне құм-қиыршық тас қоспасын төсеген. Геогридті төсеніш қыста шашылып қалмас үшін аязда қара қиыршық тас төселген.
«Әрине, 14 градус аязда қара қиыршық тас төсеуге болмайды. Мердігерлер уақытында тоқтатуы керек еді, бірақ Ресейден битум кешігіп жетті» деп түсіндірді Айбек Қайер.
Оның айтуынша, мердігерлер ені алты метр, ұзындығы 700 метр учаскені зақымдаған, бұл жолдың бір жолағы.
«КТП» ЖШС көктемде жолды қайта қырып, күн жылығанда кезде оны қайта төсеуге уәде берді.
Жолды күрделі жөндеудің құны - 7,5 млрд. Жол жөндеу жұмыстары 2022 жылы аяқталуы керек.
Айта кетсек, Ақтөбе – Қандыағаш бағыты өңірдегі ең қауіпті бағыттардың бірі болып саналады. Мұнда 1960 жылдардан бері күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, тұрғындар бірнеше ондаған жылдар бойы жергілікті биліктен талап етілген тас жолды жөндеуді сұрап келген.
Бұл Ақтөбе облысындағы жол жөндеу жұмыстары кезіндегі жалғыз заң бұзушылық емес. «Юнисерв» Қандыағаш-Мақат жолын жөндеу кезінде төрт сантиметрлік асфальт жабынының орнына қалыңдығы 2 сантиметрлік қабат төсеген. «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры Марат Махамбетовтың айтуынша, ұзындығы 50 метрлік учаскеде кемшіліктер анықталған. Мердігер ақша алғандықтан, амалсыздан асфальт қабатын қайта төсеген.
Жаңалықтар
- Алматыда оқушы мектепке балта көтеріп келіп, оны адамдарға қарсы қолданбақ болған
- Астанада автобуста жолаушы ана мен балаға тап беріп, балағаттады
- Лобода мен Қайрат Нұртас бірлесіп трек жазды
- Бұрынғы Оңтүстік Корея президентіне 30 жыл түрме жазасы сұралды — БАҚ
- 52 адамның пойызда уланғанына байланысты көлік министрі жаңа ақпарат берді
- Тоқаев Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралады
- Пашинян: «Бұл әрекет айқын арандатушылық». Ереванда Түркия туын өртеді
- Талдықорғандағы жеке ауруханда бала екінші қабаттан құлап, ота жасалды
- ҚМДБ-ның өз жасанды интеллект жобасы болады
- Елдегі базарлар неге жабылып жатыр? Министрлік жауап берді
- Дональд Трамп Израиль мен Ливан арасындағы бітім туралы мәлімдеді
- Астанада түрлі этнос өкілдерінің қатысуымен республикалық айтыс өтті
- Теміртауда үш бала ток соғып, жансақтауда жатыр: Тұрғындар бұрыннан дабыл қаққан
- Атырауда тұтастай жоғалып кеткен отбасы мүшелерінің қашан өлтірілгені белгілі болды?
- Сарыағаш ауданында жеті айда бес жасқа дейінгі алты бала қайтыс болды, ата-аналар министрліктен дәрігерлердің салғырттығын тексеруді сұрайды
- Қазақстанда әскерден жалтарғандарға жаңа шара әзірленіп жатыр
- Алматыда Розыбакиев көшесін Мұхтар Шахановтың атына беруге петиция жарияланды
- Қатарластарынан ақша бопсалаған студенттер ұсталды
- Түнде ТЖМ көмегімен үш өрт ошағы ауыздықталды
- Нұрлан Сабуров туған қаласына келді