Ақтөбе әкімі өз кеңесшілерін танымайды
Коллаж Orda.kz
Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин жанында жібі түзу ақыл айтатын адамның жоқ екенін жасырмады.
Оңдасын Оразалин елімізде аймақ басқарып отырған кеңесшіге бай әкімдердің бірі. Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары кеңесші штатын қысқартып тастады.
Ал Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинде үш орынбасарынан бөлек бес кеңесші, екі көмекшісі бар. Кеңесшілердің біреуі ғана мемлекеттік қызметкер ретінде штатта отыр. Бірақ кеңесшіге бай аймақ басшысы өзінде осынша жанашыр жандар барын білмейтін болып шықты.
«Осынша кеңесші болса мен онда не істеп жүрмін. Менде айналдырған бір кеңесші бар. Қасымда жүрген Қалинұр Қасықбайұлы. Мүмкін бізде штат бойынша кеңесші деп есептеледі. Бірақ маған ақыл-кеңес беріп жүрген адамдардың түрі шамалы» деді облыс әкімі Оңдасын Оразалин.
Облыс әкімдігінің аппарат басшысынан әкімнің қандай кеңесшілер ұстап отырғанын анықтадық.
«Штаттық кестеге сай облыс әкімінде бір кеңесші бар. Ол кісінің негізгі міндеті - халықтан түскен хаттарды, жиналыстарда әкімнің сөйлейтін сөзін жүргізу тәртібін қарау. Ол кісі мемлекеттік қызметкер саналады. Одан бөлек штаттан тыс төрт кеңесшісі бар. Олар әкімшіліктен жалақы алмайды. Мүгедек жандар мәселесі, шағын және орта бизнесті дамытуға қатысты, қаланың дамуы бойынша кеңесшілер бар. Сонымен қатар, облыс әкімінде екі көмекші бар. Оның бірі қорғаныс қызметіне жауапты» дейді Ақтөбе облысы әкімінің аппарат басшысы Қайрат Райымқұлов.
Әкімнің кеңесшісі кім?
Анықталғандай, мемлекеттік қызметкер ретінде тағайындалған, өз кабинеті, өз креслосы бар әкімнің жалғыз кеңесшісі - Қалинұр Болыс. Жалақысы - 280 мың теңге.
«Менің қызметіме әлеуметтік сала, мәдени құндылықтар бойынша жұмыстар кіреді. Кешегі өткен «Киелі жерлер географиясы» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар, осы өңірде жасалып жатқан әлеуметтік-мәдени шараларға өзімнің пікірімді, зерттеу жұмыстарымды, сараптамаларды әкімнің тапсырмасы бойынша орындаймын» дейді әкімнің кеңесшісі Қалинұр Болыс.
2000 жылдары мемлекеттік қызметке келген Қалинұр Болыс Ақтөбе әкімімен осыған дейін де қызметтес болған. Оңдасын Оразалин Ақтөбенің Мұғалжар ауданында әкім болған тұста сол ауданның ішкі саясат бөлімінде 7 жыл еңбек етті. Аз уақыт Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында бөлім басшысы болды. Кейін мемлекеттік қызметтен кетіп, 2019 жылы Оңдасын Оразалин Ақтөбеге әкім болып келген жылы кеңесші қызметіне тағайындалды.
«Жақсы пікір қалыптастыру немесе қалыптастырмау деген әркімнің жеке қабылдауына байланысты. Жасалған жұмыстарының барлығы да көз алдыңызда, жасырын ештеңе жоқ. Өзінің тиісті міндетін лайықты атқарып отыр» дейді Қалинұр Болыс.
Авторы: Ардақ Ерубаева, Ақтөбе
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық