Ақтөбе әкімі құбылған қант бағасын соғыстан көрді
Коллаж Orda.kz
Ақтөбеде қант бағасы тағы қымбаттайды. Жергілікті билік бағаның өсуіне Ресей мен Украина арасындағы ушыққан жағдайды кінәлап отыр. Әлеуметтік тауар бағасы әлеуметтік мәселеге айналып кетпей ме?
Елімізде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың біріне жататын қант бағасы күннен күнге шарықтап барады. Билік бағаны ұстап тұру үшін бәрін жасап жатқанын айтуда. Дегенмен, сырттан тасымалданатын тауар құнына сыртқы жағдайлардың әсері көп.
«Бағаны күнделікті бақылауда ұстап отырмыз. Қазір науқанға байланысты көкөніс және қант бағасы алаңдатып отыр. Қантқа қатысты айтар болсам, көбіне Ресей мен Украинаға байланыстымыз. Қазіргі өтіп жатқан оқиға, жағдайларға байланысты көптеген кедергі бар. Қант келмейді емес, келеді. Бірақ бағаның өсуі сезіледі» дейді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.
Өңірде бағасы өскен әлеуметтік тауарлардың бірі саналатын қантқа кейбір сауда дүкендері шектеу қойған. Бір адамға 3 келіден артық сатылмайды.
Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов қант өніміне қатысты екі мәрте қымбаттау болғанын хабарлады. Келісіне 311 теңгеден сатылған қанттың қазіргі құны 423 теңге. Жергілікті билік мұны РФ-ның Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне астық пен қант экспортына уақытша тыйым салуының салдары деп түсіндіреді.
«Қант өнімі Ақтөбе облысына басқа өңірлер мен көршілес елдерден импортталады. Жыл басынан бері осы өнімді жеткізушілердің сату бағасының қымбаттауына байланысты қант бағасы екі мәрте көтерілді. Сәуір айының соңына дейін сатылым бағасының шамамен 15-20 теңгеге қымбаттау болжамы бар. Себебі, Анвар және Дина сауда желілері қант өнімінің жаңа партиясын тауар өндіруші кәсіпорындар 15-20 теңгеге қымбат бағамен сату келісімдері жүргізілуде» дейді Тілеумұратов.
Жергілікті билік ұн тапшылығына қатысты проблема болмайды деп сендірді.
Авторы: Ардақ Ерубаева, Ақтөбе
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық