Ақсудағы қарттар үйінде жаппай covid-19 инфекциясы таралып отыр
Коронавирус инфекциясының таралуынан көш бастаушы Павлодар облысында тәулігіне 100 науқас тіркеліп, нәтижесінде кезекші сыныптар қашықтан оқу үрдісіне көшті.
Бүгін Павлодар облысының карантин құрсауында отырғандарына бір ай толып отыр. Індеттің асқынуы Ақсудағы қарттар үйінде де белең алды. Барлық сақтық шаралары жүзеге асып жатқанымен, оң нәтиже көрсетпей отыр. Қалада ірі сауда үйлері, базарлар мен мәдениет ошақтарының жұмысына шектеу қойылған. Оған қоса сенбі, жексенбі күндері қалада қоғамдық көліктер жүрмейді. Карантин талаптарының сақталуын арнайы мониторингтік топтар қадағалайды. Коронавирус жұқтырғандардың саны жеті мыңнан асып кетсе де, дәрі-дәрмек тапшылығы орын алған жоқ. Күрделі кезеңде жиын-той, мерекелік отырыстарға тыйым салынған.
Денсаулық сақтау басқармасының стратегиялық дамыту және инновациялық даму бөлімі басшысы Ерғалы Асылбек:
«Егер қызыл аймаққа кірген облыстарды алатын болсақ, ахуалдың күшеюін солтүстік аймақтағы облыстардың климаты суықтығы мен Ресеймен шекаралас болуымен байланыстырады. Осы уақытқа дейін қанша адамның елімізге коронавирус инфекциясымен кіргені белгісіз. Коронавирус инфекциясы – ұзақ емделеді. Оның симптомдары бірден емес, екі-үш аптадан кейін байқала бастайды. Осы уақыт аралғында жұқтырған адам басқа адамдармен байланыста болады».
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық