АҚШ және Қытай басшылары жарты жылдан кейін телефон арқылы тілдесті
АҚШ және Қытай басшылары жеті ай ішінде алғашқы рет телефонмен сөйлесті. Әлем экономикасында жетекші орынға ие екі ел арасындағы қарым-қатынас барысы көптеген мәселе мен дауларға қатысты ушығып тұр.
Бұл туралы Orda.kz Азаттықа сілтеп хабарлады.
АҚШ президенті Джо Байден мен Қытай басшысы Си Цзиньпин «терең, стратегиялық мәселелер бойынша пікір алмасты, оның барысында екі ел мүддесі тоғысатын салалар, сонымен бірге тараптардың мүдделері мен құндылықтары сәйкес келмейтін мәселелер де талқыланды» делінген Ақ үй хабарламасында.
Вашингтон мен Пекин арасындағы жағдайдың бірнеше жылдан бері ушығуы басқа жағдайлармен қатар сауда, киберқауіпсіздік, адам құқығы, оның ішінде Шыңжаңда түркі тілді халықтардың қудалануы мәселелері де бар.
Сонымен қатар АҚШ Пекинді алғаш Қытайда тіркелген коронавирустың пайда болу себебін зерттеуде ашықтық танытпады деп те сынады. Сонлай-ақ АҚШ Пекиннің Тайвань және Оңтүстік Қытай теңізіндегі территориялық даулардағы саясатына наразы.
Екі ел әріптестік орната алуы мүмкін салаларға ғаламдық жылынумен күрес, Корея түбегіндегі ядролық дағдарыстың алдын алу, ғаламдық экономика тұрақтылығы мәселелері жатады. Ақ үй Джо Байден АҚШ екі ел арасында қақтығысқа ұласып кетпейтіндей дені дұрыс, жауапты бәсеке болғанын қалайтынын мәлімдеген.
Қытайдың CCTV мемлекеттік арнасының келіссөз бойынша таратқан хабарламасына қарағанда, Си Цзиньпин Джо Байденге Вашингтон әрекетінің салдарынан «елеулі қиындықтарға» тап болғанын жасырмаған. Мемлекеттік БАҚ Си Цзиньпин «дұрыс қарым-қатынас әлемнің болашағы мен тағдыры үшін өте маңызды» деп айтқанын да атап өткен.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық