АҚШ зерттеу институты: Қазақстанда COVID-19-дан 81 мың адам қайтыс болды
Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық көрсеткіштері және бағалау институтының (ihme, АҚШ) Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандардың саны туралы зерттеуіне пікір білдірді.
Институт жариялаған ақпарат бойынша Қазақстанда коронавирустан 81 696 адам қайтыс болған. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды. Қазақстанның стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі статистика бюросының деректері бойынша 2020 жылдың қорытындысында елімізде коронавирус инфекциясынан 4 729 адам қайтыс болған. Ал 2021 жылдың 4 айында – 1 846 адам осы індеттен көз жұмған.
— Пандемия басталғалы бері Қазақстанда КВИ-ден 81 696 адам емес, 6 575 адам қайтыс болды. Денсаулық көрсеткіштері және бағалау институты мәліметінің дұрыс еместігі анықталды, - делінген хабарламада.
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша жалпы 2020 жылы 162 613 адам қайтыс болған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 21,8% -ке немесе 29 124 адамға артып отыр. Адамдар коронавирустан басқа да аурлардан қайтыс болған, атап айтсақ - қан айналымы жүйесі аурулары, тыныс алу органдары аурулары, жүйке жүйесі аурулары, жұқпалы және паразиттік аурулары да бар.
— Жоғарыда айтылғандарға келер болсақ, «COVID-19-дан жалпы өлімді бағалау» денсаулық көрсеткіштері және бағалау институтының (ihme, АҚШ) жүргізген зерттеулеріне сәйкес жарияланған статистикалық деректер Қазақстан Республикасында тіркелген нақты деректермен сәйкес келмейтінін хабарлаймыз, - деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық