АҚШ-тың жаңа бас консулы Алматыға келді
АҚШ бас консулдығының жаңа басшысы Кэролайн Сэвидж Алматыға келді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
Сэвидж консулдық округінің құрамына Алматы қаласы, Шымкент, Алматы, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстары кіреді.
– Бұл - АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулының инаугурациясы үшін ерекше уақыт, өйткені биыл Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы аталып өтеді. Біз бірге АҚШ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығын атап өтеміз, - деді Сэвидж.
АҚШ пен Қазақстанның Covid-19-бен күресудегі ынтымақтастығы миссияның басты басымдығы болып қала береді.
Кэролайн Сэвидж - АҚШ-тан елге келмес бұрын қазақ тілін оқыған алғашқы консул. Ол тілді үйрену екі ел арасындағы байланысты тереңдетуге көмектеседі деген ойда.
Сэвидж өз қызметін 2004 жылы АҚШ Мемлекеттік департаментінде бастады. Бас консул болып тағайындалғанға дейін ол Мемлекеттік департаменттің Вашингтонда орналасқан шетелдік журналистерге арналған баспасөз орталығының директоры болды. Ол сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінде Ресей және Орталық Азия бойынша директор, Мемлекеттік департаменттің орыс бөлімінде саяси, әскери және сыртқы істер жөніндегі қызметкер болды.
Сэвидж АҚШ-тың Әзербайжан мен Мозамбиктегі елшіліктерінде қоғамдық істер жөніндегі кеңесші, сондай-ақ Беларусьтағы АҚШ елшілігінің қоғамдық мәселелер жөніндегі кеңесшісі және консулы, АҚШ-тың Люксембургтегі елшілігінде саяси және консулдық қызметкері болды.
Кэролайн Сэвидж тұрмыста екі бала тәрбиелеп отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық