АҚШ-та массаж салондарына шабуыл жасалды: сегіз адам қайтыс болды

cover

АҚШ-тың Джорджия штатында үш бірдей массаж салонына шабуыл жасалды. Атыс кезінде сегіз адам қайтыс болды, деп хабарлады ORDA.kz

Күдікті ұсталып, қамауға алынды.

21 жастағы ер адам Атлантадан оңтүстік-батысқа қарай 240 шақырым жерде қамауға алынды, деп хабарлады Чероки округінің Шериф капитаны Джей Бейкер.

Бейкердің айтуынша, зардап шеккендердің көпшілігі азиялық әйелдер. Ол тергеу жалғасып жатқанын атап өтті.

— Атланта маңындағы Акворттағы азиялық массаж салонында төрт адам атылды. Атланта полициясы Атлантадағы Gold Massage Spa салонында тағы үшеуінің өлі күйінде табылды. Тағы бір құрбан көшеде орналасқан Арома Терапи спа-да қайтыс болды, - деп хабарлады.

Күдікті адам бизнес-мекемелердің біріне жақындаған кезде бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар