АҚШ-та балаларды 5 жастан бастап вакциналауға рұқсат берілді
АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу федералды орталықтары (CDC) 5-11 жас аралығындағы балаларға америкалық Pfizer және неміс BioNTech компаниясы шығарған вакцинамен егуді ұсынды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
CDC арнайы комиссиясының мүшелері бірауыздан АҚШ-тағы 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға вакциналанатын препараттың екі дозасын ұсынуға дауыс берді. Осы жас тобындағы балаларға арналған вакцинаның дозасы ересектерге арналған дозаның шамамен үштен бірін құрайтыны және үш апта аралықпен енгізілетіні атап өтілген. Вакцина жұма күні сатылымға шығуы мүмкін.
Бұған дейін АҚШ Денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету департаменті жанындағы Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы 5-11 жас аралығындағы балаларға Pfizer және BioNTech компанияларының коронавирустық вакцинасын қолдануды мақұлдаған болатын.
Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, АҚШ-та 45,9 миллионнан астам коронавирус инфекциясы анықталды, 745,8 мыңнан астам адам қайтыс болды. АҚШ науқастар саны мен өлім бойынша көшбастап тұр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық