АҚШ сенаторы Украинадағы соғысты тоқтату үшін «Путинді өлтіруді» ұсынды
АҚШ-тың республикашыл сенаторы Линдси Грэм Ресейдің Украинаға қарсы соғысын тез тоқтатудың жалғыз жолы – Ресей президенті Владимир Путинді өлтіру деп есептейді.
Бұл туралы Линдси Грэм өзінің Twitter парақшасында жазды.
«Ресейде Брут бар ма? Орыс әскерінде сәтті полковник Штауфенберг (1944 жылы Адольф Гитлердің өміріне сәтсіз қастандық жасаған Вермахт полковнигі) бар ма? Мұның жалғыз жолы біреуді құрту. Ресейде бұл адамның көзін жою керек. Сіз онымен еліңізге және әлеміңізге үлкен қызмет жасайсыз» деп жазды Грэм.
Орыс халқына арнаған сөзінде сенатор қазіргі жағдайды тек ресейліктердің өздері ғана түзете алатынын айтты.
«Егер сіз қалған өміріңізді қараңғылықта, әлемнің қалған бөлігінен оқшауланған және өте кедейлікте өткізгіңіз келмесе, сіз өзіңізге жауапкершілік алуыңыз керек» деп түйіндеді Грэм.
The only people who can fix this are the Russian people.
— Lindsey Graham (@LindseyGrahamSC) March 4, 2022
Easy to say, hard to do.
Unless you want to live in darkness for the rest of your life, be isolated from the rest of the world in abject poverty, and live in darkness you need to step up to the plate.
Еске салсақ, Ресей президенті Владимир Путин Донбас республикалары басшыларының үндеуіне жауап ретінде арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдап, Украинаға қарсы соғыс жариялады. Алайда Ресей басшысы Мәскеудің жоспарында Украина аумақтарын басып алу жоқ екенін айтқан болатын.
2 наурыз күні таңертеңгі жағдай бойынша Ресей әскері 5840 адамнан айырылды. Сондай-ақ 60-тан астам ұшақ пен тікұшақ, 862 бронетранспортер, 85 артиллериялық жүйе және басқа да көптеген техника жойылды. 28 ақпандағы жағдай бойынша 352 бейбіт тұрғын, оның ішінде 16 бала қаза тауып, 2040 адам жарақат алды.
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей әскерінің шабуылдың алғашқы сағаттарынан бастап азаматтық инфрақұрылымға соққы беріп жатқанын айтты. Президенттің айтуынша, Ресей басқыншы әскерлерінің Украинадағы әрекеттерінде геноцид белгілері бар.
27 ақпанда Украина «басқыншылықты ақтау үшін геноцид ұғымын бұрмалағаны үшін Ресейді жауапқа тартуды» талап етіп, Халықаралық сотқа Ресейге қарсы шағым түсірді. Ресейдің Украинаға басып кіруіне қатысты тергеуді Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры Кәрім Ханның өзі бастады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық