АҚШ Ресейге жаңа жеке санкциялар енгізді
Шектеулерге Дмитрий Песковтың әйелі мен балалары, Мемлекеттік Думаның 12 депутаты, ВТБ мемлекеттік банкінің оншақты менеджері кірді.
Мемлекеттік департамент Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты санкцияға ұшырайтын ресейліктердің жаңа тізімін жариялады. Бұл жолы Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың әйелі мен ересек балаларына да шектеу қойылды.
— Біз Донецк және Луганск халық республикаларын тану әрекетін басқарған Ресей Мемлекеттік Думасының 12 депутатына, сондай-ақ Дмитрий Песковтың әйелі мен кәмелетке толған балаларына санкция саламыз, - деді Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Нед Прайс брифингте.
Дума депутаттары арасында: төраға Вячеслав Володин, РФ Коммунистік партиясының жетекшісі Геннадий Зюганов және оның он партияласы бар.
Сонымен қатар, ВТБ мемлекеттік банкі басқармасының 10 бұрынғы және қазіргі мүшесі АҚШ шектеулеріне ұшырады.
АҚШ-тың Қаржы министрлігі «Ресейдің қаржылық қызметтері саласынынан барлығы он адам: қазіргі немесе бұрынғы жетекшілері, жоғары лауазымды шенеунік немесе банктің басқарма мүшелері болғаны үшін немесе банкте жұмыс істегендіктен санкцияға ұшырады» деп мәлімдеді.
Бүгіннің өзінде Еуропалық комиссия Ресейге қарсы санкциялардың төртінші пакетін ұсынбақ. Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен бір күн бұрын атап өткендей, шаралар кешені «Ресейдің оқшаулануын арттыруға және осы айуандық соғыс үшін төлейтін ресурстарды сарқуға» бағытталған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық