АҚШ құрғақшылықтан зардап шеккен маңғыстаулықтарға көмектеседі
АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі Маңғыстау облысындағы құрғақшылық салдарынан зардап шеккен халықты қолдау үшін 100 мың доллар грант бөледі.
Бұл туралы Orda.kz Қазақстандағы АҚШ елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Мал өлімінен зардап шеккен 200-ден астам үй шаруашылығына қаржылай көмек көрсетіледі.
«Көмек мөлшері үй шаруашылығының әрбір мүшесі үшін ең төменгі күнкөріс деңгейіне қарай есептеледі және үй шаруашылығына 170 000 теңгеден аспайтын болады», — делінген хабарламада.
Ақша алушылардың банктік шоттарына аударылады.
2021 жылдың жазында Қазақстанның батысында қатты құрғақшылық болды. Аштықтан қырылып қалған малдардың бейнежазбалары мен суреттері жұртшылықты дүрліктірді. Қазақстандықтар зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 43 миллион теңгеден астам қаражат жинады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық