АҚШ консулдығы Қытай билігіне наразыларды қабылдады
Қытай билігіне наразы топ біраздан бері туыстарының заңсыз қамалғандығын айтып, әділдік сұрауын жалғастыруда.
Олар 12 наурызда АҚШ-тың Алматыдағы бас консулдығына барды. АҚШ дипломатиялық өкілдігі карантин тәртібімен байланысты 7 адамды қабылдаған.
БАҚ өкілдері жіберлмеген кездесу екі сағатқа созылды. Оған қатысқан адамдар бар мәселені АҚШ елшілігі өкілдерінеайтқандарын жеткізді. Қытай абақтыларында туыстарының заңсыз қамауда ұсталып отырғанын, олардың босатылуын талап етушілер бұған дейін Қытай консулдығы алдына барып наразылық білдіргені үшін әкімшілік жазаға да тартылған. Солардың бірі Байболат Күнболатұлы АҚШ консулдығының қызметкерлері арызданушылардың шағымын мұқият тыңдап,қолдан келгенше көмектесуге уәде еткенін айтты.
АҚШ-тың Алматыдағы консулдығы Twitter-де ол туралы жазды.
— Бүгін біз туыстары Шыңжаңда ұсталып не хабарсыз кеткен қазақ отбасыларымен кездестік. Олардың басынан өткен жайттар қудалау үрейінсіз айтылуы керек, ал отбасылар бір-бірімен қайта табысуы тиіс, делінген жазбада.
АҚШ бұған дейін де «Шыңжаңдағы мұсылмандарды қудалауға қатысы бар» қытай шенеуніктері мен компанияларына санкция салған.
Наразы топ бқл акцияны 33 күннен бері күн сайын өткізіп келе жатыр. Олар АҚШ консулдығынан шыққан соң Қытай консулдығы алдына тағы барды.Қытай консулдығы ол бұл жолы да оларға есігін ашпады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық