АҚШ енді ғаламшар қожасы емес – Ресейдің экс-президенті
Ресейдің экс-президенті, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Америка Құрама Штаттары енді ғаламшар қожайыны емес деп мәлімдеді
Бұл туралы РИА Новости мен RT арналарына берген сұхбатында айтты.
Сұхбатта Медведев Украинадағы жағдай аясында Батыс елдерінің Ресейге қарсы әрекеттеріне баға берді.
– Бір полярлы әлем аяқталды. Американдықтар енді Жер планетасының қожасы емес, – деді ол.
Ол арнайы әскери операцияға және оған Ресей қоғамының, оның ішінде елден кетіп жатқандарға деген көзқарасына тоқталып, орысофобия туралы айтып, Еуропаның ресейлік газдан бас тарта алатынын айтты. Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Батыс елдерінің әрекетіне де баға берді.
Еске салсақ, 2022 жылдың ақпан айының соңында, Украинаға басып кіргеннен кейін көп ұзамай Ресей президенті Владимир Путин Ресей әскеріне ядролық қаруы бар тежеу күштерін арнайы дайындық режиміне көшіруді бұйырды. Кремль басшысы өз шешімін НАТО елдерінің жоғары лауазымды тұлғаларының Ресейге қарсы «агрессивті мәлімдемелерімен» түсіндірді.
АҚШ Путиннің шешімін айыптады. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки Ресей президенті «бұдан әрі агрессияны ақтау үшін жоқ қауіптерді тудырады» деп мәлімдеді. Пентагонның пайымдауынша, егер Украина Ресей басқыншылығынан сәтті қорғанса, Путин Батысты ядролық қарумен қорқыта береді.
23 наурызда НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейдің ядролық қаруды қолданамын деп қорқытуын «қауіпті және жауапсыз» деп атады.
– Ресей өзінің ядролық қаруын бұлдауды тоқтатуы керек. Бұл қауіпті және жауапсыз. НАТО барлық одақтастарын қорғау үшін Ресейге ядролық соғысты жеңуге болмайтыны мен ешқашан жүргізілмеуі керектігі туралы өте айқын хабарлама жібереміз, – деді Столтенберг.
Қытай сабырға шақырды. Қытай сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ван Вэнбин барлық тараптар сабыр сақтап, одан әрі шиеленісуден аулақ болуы керек деді.
Украина сыртқы істер министрлігі бұл Украина мен Ресей арасындағы келіссөздердің бірінші раунды басталар алдында украин делегациясына қысым көрсетудің бір жолы болды деп есептейді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық