АҚШ бастаған бес мемлекет жаңа альянс құрды
Ron Edmonds/AP
Тынық мұхитындағы «тиімді ынтымақтастықты дамытуға және аймақтың аралдық мемлекеттерге қолдау көрсетуге бағытталған» жаңа альянс туралы Ақ үй хабарлады.
Partners in the Blue Pacific (PBP) – бұл АҚШ, Австралия, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия және Жапония арасындағы жаңа маңызды серіктестік.
«Біздің бес ел Тынық мұхиты басымдықтарын тиімдірек қолдау үшін Partners in the Blue Pacific атты кешенді бейресми механизмді іске қосты. Бұл жаңа бастама біздің аймаққа деген ұзақ мерзімді міндеттемемізге, Тынық мұхиты аралындағы елдермен тығыз байланыс пен ұзақ мерзімді серіктестікке негізделеді. Біз егемендік, ашықтық, есеп беру қағидаттарына сәйкес және Тынық мұхиты мемлекеттерінің басшылығымен аймақты қолдауға бел будық» делінген хабарламада.
Ұйым Тынық мұхиты аймағының басымдықтарын қолдау және оған мүше елдер мен басқа мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесін шешеді деп болжануда.
Алдағы серіктестік көшбасшыларының саммитінде альянс стратегиясының қабылдануы күтілуде. Тынық мұхиты аралдары форумы 2050 жылға дейінгі жоспарды әзірлеуді, сондай-ақ бар жобаларды картаға түсіруді және болашақ бастамаларды жоспарлауды қолға алмақшы.
Ақ үйдің веб-сайты жаңа альянстың «инклюзивті, бейресми және ынтымақтастыққа ашық» серіктестік екенін, оның күш-жігері климаттық дағдарыспен күресуге, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, көлік желілерін дамытуға, аймақтағы денсаулық сақтау мен білім беруге бағытталатынын жазды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық