АҚШ Ауғанстаннан шығарылған әскерін Қырғызстанға жіберуге ниетті
Фото: Википедия
АҚШ Бішкекке Ауғанстаннан Қырғызстанға американдық әскерді көшіру мәселесі бойынша жүгінді, бірақ әзірше мұндай форматтағы ынтымақтастық туралы мәселе жоқ.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
АҚШ-тың мұндай өтініші туралы Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігінің басшысы Руслан Қазақбаев РИА Новостиге берген сұхбатында айтты.
Министрдің айтуынша, Қырғызстанның Вашингтонмен терроризмге қарсы іс-қимыл тәжірибесі жеткілікті. Ол ел халықаралық коалиция күштерін Манас әуежайының әуе базасында, Транзиттік орталықта қабылдағанын еске салды.
– Әрине, әр түрлі өтініштер, түрлі деңгейдегі кеңестер болды. Бірақ Ауғанстандағы жағдай күн сайын өзгеруде, қазіргі уақытта мұндай форматтағы ынтымақтастық туралы мәселе жоқ, - деді Қырғызстан СІМ басшысы.
Мамыр айында Wall Street Journal дереккөздерге сілтеме жасай отырып, Америка Құрама Штаттары Ауғанстаннан шығарып жатқан әскерін Орталық Азияға орналастыруы мүмкін деп хабарлады. Бірақ әлі ешқандай келісім жасалмаған. Басылым Америка Құрама Штаттарына әскери қызметкерлерді ғана емес, ұшқышсыз ұшақтарды, бомбалаушылар мен артиллерияны орналастыруға арналған базаларға мұқтаж екенін атап өтті. Кейбір әскери қызметкерлер мен АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігінің өкілдерінің пікірінше, Ауғанстанмен шекаралас Өзбекстан мен Тәжікстанға әскер енгізген дұрыс.
Еске салсақ, 15 тамызда Талибандар (Қазақстанда тыйым салынған қозғалыс) Ауғанстан астанасы Кабулға кіріп, президент сарайын басып алған болатын. Олар іс жүзінде Ауғанстан Ислам Әмірлігінің құрылғанын жариялаған. Сол күні Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елден кеткен.
Сондай-ақ, Талибан қозғалысының өкілі Сухейл Шахин АҚШ әскерін 31 тамызға дейін шығару керек деп, «шекті уақытты» айтқан.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық