«Ақорданың алдында өзімді өртеймін»: панасыз мүгедек көмек сұрап шаршады
Жамбыл облысының тұрғыны мемлекеттен көмек күтіп шаршағаны соншалық ол тіпті өзін Ақорданың алдында өртеуге дайын.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
47 жастағы ІІІ топтағы мүгедек Ранита Жұмашева ауырғанға дейін және есту қабілетінің жоғалуына дейін 60 келі болған, қазіргі салмағы небәрі 30 келі. Оның қызы бар, екеуі 35 мың теңге жәрдемақымен күн көреді. Бұқаралық ақпарат құралдарында оның оқиғасы шыққаннан кейін Шу қалалық әкімдігі бұрынғы заңгерге II топтағы мүгедектікті жоғарылатуға уәде берген. Бірақ уәделерінде тұрмаған.
– Мен заңгермін, мамандығым бойынша жұмыс істедім және колледжде оқытушы болдым. 30 жасымда есту қабілетім жоғалып, кейіннен мүлде саңырау болдым. Диагноз қоя алмады. Ешкім жұмысқа алмады. Төле би ауылында егістіктен басқа жұмыс жоқ, далаға шығуға тура келді. Мен бір жыл еден жудым, енді шелекті де көтере алмаймын. Қол-аяғым орнында болғандықтан маған ІІ топ мүгедектік берілмейді. Менің жағдайым әбден нашарлаған, қолдарым мен аяқтарымның әрең қозғалатыны ешкімге керек емес. Жалғыз сыртқа шығуға қорқамын, естімеймін. Маған өте қиын, - деп шағымданды Жұмашева.
Қаңғыбас ит сияқты...
Әйелдің жеке үйі жоқ, ал ІІІ топтағы мүгедектерге мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға рұқсат жоқ.
- Мен ешқашан 35 мың жәрдемақыға үй сатып ала алмаймын. Кейде тіпті жейтін ештеңе болмайды. Қазір туыстарыммен тұрамын, бірақ бұл қауіпті, олардың арасында психикалық науқас бар, - дейді ол.
Әйел туыстарының пәтерлерін аралап шаршаған, ал жәрдемақысы тіпті тамаққа да жетпейді. Былтыр ол несиені өтеу үшін бүйрегін сатқысы келген, бірақ бұқаралық ақпарат құралдарының араласуынан кейін Тараздан медициналық-әлеуметтік сараптама мүгедектік тобын қайта қарауға уәде берді.
- Әкімдік журналистерді «менің мәселемді шешіп беремін» деп сендірді. Тіпті мені тексеруге жіберді. Мен осындай күндерді бастан өткердім, барлық жаңа диагноздарды әкелдім, бірақ топтың ілгерілеуі тағы шешілмеді. Ал тұрғын үй есебінен әкімдік үйге келіп, құжаттарымды алып, Халыққа қызмет көрсету орталығына жіберді, бірақ онда мені қабылдамады. Жаздың басында мен тағы да ХҚКО-ға хабарласуға тырыстым, мені қандай да бір ипотекалық бағдарлама бойынша кезекке қоюды өтіндім, бірақ мені қабылдамады, - деп шағымданды мүмкіндігі шектеулі әйел.
Мүгедек Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қоғамның кедей, әлеуметтік осал топтарының мәртебесін қандай критерийлермен анықтайтынына таң қалады.
- Мен мүлде саңырау, науқас және панасыз 35 мың теңге жәрдемақысы бар мүгедек болғаныммен, олардың пікірінше, мен мемлекеттен тұрғын үй алушылардың ешбір санатына жатпаймын. Қызым 18 жаста, кедейліктің тауқыметінен бейшара баланың да жағдайы нашарлай бастады. Көзі нашар көріп, омыртқасы қисая бастаған. Ғажайыпты болдырту үшін қайғылы оқиға орын алу керек сияқты. Менің адамдардың құқықтарына нұқсан келтіретін заңға ашуым келеді. Мен шарасыздықтан, Ақорданың алдында өзімді өртеуге де дайынмын. Қаңғыбас ит сияқты қайда өлсем де бәрібір, - деді Жұмашева.
Шенеуніктер жауабы
Шу ауданының билігі Жұмашеваны баспана кезегіне қосудан бас тарту себебін атады. Әйел толық емес отбасы ретінде құжаттарды тапсырған екен.
– Алайда, бұл адамның құжаттары қайтарылды, себебі оның қызы Диана Әмірбекқызы Жұмашева кәмелеттік жасқа толды, ал соңғы 12 айда оның ең төменгі күнкөрісі 3,1 еселенген мөлшерден асып кетті, - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Шенеуніктер Ранита Жұмашеваның есту қабілеті нашар III топ екенін атап өтті. Тұрғын үй кезегіне қосылуға тек І және ІІ топтағы мүгедектер құқылы, бірақ ІІІ емес.
2020 жылдың желтоқсанынан бастап әйелге үш рет азық -түлік пакеттері берілді және демеушілер есебінен қаржылай көмек көрсетілді. Демеушілер есебінен көмек көрсету жалғаса береді, бірақ «басқа көмек үшін бюджетте қаражат қарастырылмаған».
Авторы: Махамбет Әбжан
Аударған: Айнура Дарибаева
Жаңалықтар
- Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді
- Күйеуін өлтірген әйелдің оқиғасы туралы жаңа деректер шықты
- Баспана кезегін сату ісі: «Отбасы банк» басшысы жағдайды түсіндірді
- Туған анасына пышақ салды деген күдікті Вьетнамнан елге қайтарылды
- Құрылтай сайлауы: Алғашқы командалық теледебат тікелей эфирде көрсетіледі
- Елімізде жаңа eGov іске қосылды: Бұрынғыдан қандай айырмашылығы бар?
- Магистратура грантына қол жеткізгендердің тізімі қашан шығады?
- Алматыда LRT желісі 2027 жылдың соңында іске қосылады
- Ливан өлім жазасын жойған алғашқы араб елі болды
- Нұрай Серікбайдың өлімі: Прокурор күдіктіге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
- Иранның қастандық жасау қаупіне байланысты Трамп ұшағын ауыстыруға мәжбүр болды
- Бір серіктестіктің алты бірдей жұмысшысы құдыққа түсіп қаза тапқан: Полиция үш адамды ұстады
- Бала ауыр халде: Футбол алаңында төтенше жағдай болды
- Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
- Алматыда күйеуін өлтірген әйел сотта ақталды
- Прокуратура талабымен: Атырау облысында полицейлерді соққыға жығып, бостандықта жүргендер сотталды
- Аичи-Нагоя-2026: Азия ойындарының медальдары таныстырылды
- Қытайлық ғарыш миссиясы сәтсіз аяқталды: Зымыран тасығыш 90 секундта жарылып кетті
- Медициналық сақтандыру қорынан 3,5 млрд теңгеден астам қаржы ұрланған
- Ақсайда түнгі клубта жаға жыртысқандар жазаланды