Берік Уәли президенттің швейцариялық банктегі есепшотына қатысты пікір білдірді
фото авторы: Джеймс О’Брайен
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ақпараттық шабуыл жасалып жатыр, деп жазды мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өз парақшасында.
Берік Уәлидің жазбасына Credit Suisse Secrets жобасының зерттеуі себеп болған.
«Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары жазып жатқандай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың швейцариялық банкте қаржылық шоты жоқ. Сондай-ақ Президенттің шетелдік банктер мен офшорлық компанияларға да ешқандай қатысы болмаған және шетелде жылжымайтын мүлкі де жоқ» делінген Берік Уәлидің Facebook парақшасындағы жазбада.
Ол сондай-ақ Тоқаевтың бұрынғы әйелі басылымда көрсетілген шоттарға ешқашан иелік етпегенін, президенттің ұлы Тимур Тоқаевтың кәсіпкерлікпен айналысатынын және ешқашан мемлекеттік қызметте жұмыс істемегенін айтты.
«Қасым-Жомарт Кемелұлының бұрынғы жұбайының да мақалада жазылғандай ешқашан қаржылық шоты болмаған.
Тимур Тоқаевқа келетін болсақ, жасы 38-де. Ол – кәсіпкер, ешқашан мемлекеттік қызметте істемеген» деп қосты Уали.
Сонымен қатар, президент хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ақпараттық шабуыл жасалып жатқаны туралы айтты.
«Өздеріңіз білесіздер президент экономика мен саясаттағы монополияны шектеуге, реформаларды жүзеге асыруға күш салып келеді. Бұл Мемлекет басшысының осындай шешімдерін жақтамайтын адамдардың әдейі таратып жатқан фейк ақпараттық шабуылы деп ойлаймын» деп түйіндеді Берік Уәли.
Credit Suisse Secrets жобасының зерттеуі Тоқаевтар отбасының Женевадағы көл жағасындағы таунхаустардағы пәтерлері, Мәскеудегі пәтерлері, Швейцария банкіндегі шоты және офшорға апаратын ақша ізі бар екенін көрсетті.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық