Ақмолалық спортшылар полиция қызметкерлерімен бірге қаладағы тәртіпті бақылауға кірісті
Ақмолалық спортшылар полиция қызметкерлерімен бірге қаладағы тәртіпті қадағалауды жалғастырып жатыр.
Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина хабарлағандай, өңірдің 400-ге жуық спортшысы азаматтық позиция танытып, түнгі рейдтерге аттанған. Олар коменданттық сағат кезінде қаланы аралайды, еріктілер аумақтық түрде бөлінеді. Ақмолалықтар полицейлерді елдегі бейбітшілік үшін жан-жақты қолдау көрсететіндеріне сендірді.
– Осы қиын уақытта біз бірге болып, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Біз заңсыздыққа, терроризмге, тонауға қарсымыз. Біз елдің бейбітшілігін қолдаймыз. Біздің барлығымыздың отбасымыз бар, біз оларға қамқорлық жасауымыз керек. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Қазақстанда жасалған игілікті біз жоғалтпауымыз керек. Патриот болайық! - деп шақырды еріктілер.
Ақмола облысының елді мекендерін патрульдеу төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін жалғасады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық