Ақмолада құс фабрикасының тауықтары жаппай аштықтан қырылып жатыр
Бурабай ауданының Зеленый Бор ауылындағы құс фабрикасында тауықтар аштықтан өліп жатыр. Жалақының үнемі кешігуіне байланысты қызметкерлер де кедейліктің кебін киіп отыр.
Бұл туралы Orda.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.
Құстарға екі аптада бір рет жем беріледі. Аштықтан күніне үш мыңға дейін тауық өледі.
Ендігі қызметкерлердің жалғыз міндеті - өлген құстарды торлардан шығару.
Құс фабрикасының қызметкерлеріне аштық қаупі төніп тұр - мұнда жалақы 50 мыңнан төмен, оның өзі екінші ай кешіктіріліп жатыр.
– Бес жыл бойы жалақымызды уақтылы ала-алмай келеміз. Үнемі жалынамыз да жүреміз. «Күтіңіздер, бізді түсінуге тырысыңыздар» дейді. Бірде жемге ақша жетпейді. Уәделерге тойып болдық. Бізге зейнетақы да, сақтандыру қорын да төлемейді, түк жоқ, - дейді сұрыптаушы Ирина Фотт.
Ірі құс фабрикасы өңірді жұмыртқамен де, етпен де қамтамасыз етуді әлдеқашан тоқтатқан. Басшылықтың айтуынша, күрделі проблемалар қыста құстардың жемі қымбаттаған кезде басталды, содан кейін бәсекелестер нарыққа шықты. Енді компания банкроттықтың алдында тұр.
– Басында майлы дақылдардың жетіспеушілігі болды. Кейін президент экспортқа тыйым салғанда, біз оны қымбат болса да, алдық. Ресей жұмыртқалары нарықта көбейіп кетті. Қазір ол әлі де бар, сондықтан қазақстандық жұмыртқаның бағасы төмендеді, - деді «Агро-Инвест» ЖШС басқарушы директоры Асқар Ақылбеков.
Кәсіпорын басшылары тірі қалған құстарды сатылымға шығаруды жоспарлап отыр. Түскен қаражат жалақы бойынша берешекті жабады. Зауыттың өзі үш айға жабылады деп шешілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық