Ақмолада дауыл соғып, үйлердің шатыры ұшып кеткен
Құйын желдің салдарынан Степногор қаласындағы Изобильное ауылының 147 үйі жарықсыз қалды.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
25 шілде Степногор қаласындағы Изобильное ауылында сағат 18:15 шамасында дауылды жел соққан. Салдарынан электр бағаналары мен ағаштар қирап, бірнеше үй шатырсыз қалған.
– Оқиға орнына келгенде елді мекенде 25-30 м/с жылдамдықпен соққан желдің салдарынан 17 электр бағанасының бүлінгені, бір үйдің шатыры толығымен, ал 29 тұрғын үйдің шатыры ішінара ұшып кеткені анықталды. Сондай-ақ ауыл клубы ғимаратындағы 20 шаршы метр аумақтың шатыры бүлінген. Сонымен қатар, дауыл жылу қазандығы ғимаратындағы 100 шаршы метр аумақтың шатырын ұшырып әкеткен. Зардап шеккендер жоқ, - деді Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Оқиға орнында «Көкше-энерго» ЖШС жұмыс істеп жатыр.
Кейін белгілі болғандай, Бестөбе кентінде де үш тұрғын үйдің шатыры зақымдалған.
– Степногор қаласының әкімдігі елді мекендерге келген шығынды бағалау үшін, табиғи апаттың салдарын жою комиссияcын құрды, - деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Қанат Доспаев.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық