Ақмола тұрғыны өз баласын 1 млн теңгеге сатты
Ақмола тұрғыны өзінің бір жарым айлық қызын бала сүйе алмай жүрген ерлі-зайыптыларға 1 млн теңгеге сатты.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
– 23 шілдеде Ақмола облысы полиция департаментінің криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері баланы сатып алу-сату фактісін анықтады. Заңсыз мәміле туралы жедел ақпарат облыстық криминалдық полиция басқармасына келіп түсті. Қызметкерлер бір жарым айлық қызды сатып алған перзентсіз ерлі-зайыптылардың ізіне түсті, - делінген ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында.
Белгілі болғандай, мәміле Ақмола облысы аумағында бұрын ұрлық пен алаяқтық үшін жауапқа тартылған ерлі-зайыптылар мен баланың анасы арасында жасалған.
Полиция анасы қызын 1 млн теңгеге сатқанын анықтады. Қазіргі уақытта Ақмола жедел уәкілдері облыстың туылғаннан үш жасқа дейінгі балаларға арналған мекемелері қызметкерлерінің бірінің қылмысқа қатыстылығын тексеріп жатыр.
ҚР Ішкі істер министрлігі
Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодексінің 135-бабы «Адам саудасы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Айыпталушылар 7-9 жылға бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық