Ақмола облысында жоғалған сарбаз табылды
Ақмола облысының Ақкөл қаласында 55209 әскери бөлімінде жоғалған сарбаз бойынша қорғаныс министрлігі ресми мәлімдеме жасады.
Сарбаз қарулы күштер қатарына 2021 жылдың қараша айында шақырылған.
«Ақмола гарнизонының 55209 әскери бөлімінде мерзімді әскери борышын өтеп жүрген қатардағы жауынгер А. 2021 жылдың 12 қарашасында кешкі түгендеу кезінде болмаған. Әскери бөлім командирі жоғалған сарбазды іздеуге қажетті шараларды қабылдады. Әскери қызметші тәулік ішінде табылды. Дені сау, аман» делінген министрлік хабарламасында.
Аталған факті бойынша әскери полиция органдары тергеу жүргізуде.
Еске салсақ, 12 қарашада 55209 әскери бөлімі кезекшісінің көмекшісі сарбаздың жоғалғаны туралы полицияға хабарлаған. Сарбаз Түркістан облысынан мерзімді әскери қызметін өтеу үшін 2021 жылғы 4 қарашада Ақкөл әскери бөліміне келген. Бөлім командирінің орынбасарлары сарбаздың жоғалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.
Сонымен қатар, әскери бөлімнің жеке құрамынан іздеу топтары құрылды. Аудандық полиция пункттерінің автопатрульдері, ауылдық округтердің учаскелік полиция инспекторлары іздеу шараларына жұмылдырылған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық