Ақмола облысында жоғалған бала көліктің жүксалғышынан табылды
Фото: Ақмола облысының полиция департаменті
Ақмола облысында полиция қызметкерлері жоғалған баланы көліктің жүксалғышынан тапты.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
30 қыркүйекте ер адам полициядан 2009 жылы туған ұлын табуға көмек сұрады. Ер адамның айтуынша, 29 қыркүйек күні сағат 20.00 шамасында бала үйден шығып кеткен, кейін қайтып оралмаған.
Баланы іздеуге дереу тергеу-жедел тобы жіберілді. Полиция қызметкерлері арыз берушілердің тұрғылықты жеріне келгеннен кейін, ең алдымен жақын маңдағы аумақты және баланың әкесінің жүрмей тұрған көлігі орналасқан ауланы қарады.
– Полиция автокөлікті тексеруге шешім қабылдап, жүксалғышты ашқанда әкесінің жейдесін киіп, ұйықтап жатқан бала табылды, - деп хабарлады Ақмола облысының полиция департаменті.
Баланы тексергенде оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін белгілер болған жоқ, бала ата-анасына тапсырылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық