Ақмола облысында көлік тізгіндеген 15 жастағы жасөспірім жол апатына ұшырады
Ақмола облысында көлік тізгіндеген 15 жастағы жасөспірім жол апатына ұшырады.
Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
2 маусымда Степногорск қаласының Полиция басқармасына жедел жәрдем станциясының фельдшерінен жол апатына ұшыраған жасөспірімге медициналық көмек көрсетілгені туралы хабарлама келіп түскен. Алдын-ала ақпарат бойынша, 2 маусымда сағат 07:20 шамасында Макинск - Ақсу - Торғай тасжолының 129-шақырымында Степногорск қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны Volkswagen Golf автокөлігін тізгіндеп, рөлге ие бола алмай қалған.
Осылайша, көлік шұңқырға құлап, бірнеше рет аударылып кеткен.
Оқиға салдарынан 13, 15 және 16 жастағы кәмелетке толмаған жолаушылар көліктен ұшып кеткен. Олар түрлі жарақпен Степногорск қаласының ауруханасына жатқызылған.
Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша соталды тергеу басталған. Сараптама тағайындалған. Автокөлік Степногорск қаласындағы айыппұл тұрағына қойылған.
Тексеріс барысында Степногорск қаласының 15 жастағы тұрғыны жездесіне тиесілі көлік кілтін рұқсатсыз үйден алып кеткені анықталған.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық