Ақмола облысында ер адам жылқы ұрлап, қонақ бөлмесіне жасырып қойған
Ақмола облысында ер адам көршісінің жылқысын ұрлап, қонақ бөлмесіне жасырып қойған. Оның бұл әрекеті ауылдағы ағайындарды бір күлдіріп тастады.
Ер адам жылқыны бір бөлмеге жасырып, өзі жанындағы бөлмеге барып ұйықтап қалған. Түнімен сабылып іздеген ауыл адамдары биені таба алмаған соң, таңертең полиция шақырған. Қызметтік ит құқық қорғау органдары қызметкерлерін жылқы иесінің көршісінің үйіне бастап барған. Жануар сол үйден табылды.
Қырықтың қырқасындағы еркек жылқының үйде жүргенін және аяқ астынан келіп қалған қонақтарды көріп өзі де абдырап қалды. Ол түнімен ішімдік ішкенін, жылқының үйге қалай кіріп кеткенін білмейтінін алға тартқан. Шындығында, жылқы қорасы маңынан табылған аяқ киім іздері оны ұстап берген болатын.
Видео желіде жарияланып, ер адамның әрекетіне жұрт күліп жатыр.
Облыстық полиция департаменті ақпаратына сәйкес, аталған оқиғаға байланысты 188 бап 3 тармақ 1 қосымша бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тиісті тергеу шаралары жүріп, күдіктінің жанында сыбайластары бар жоғы анықталып жатыр.
Аталған бапқа сәйкес, күдікті бес жылдан он жылға дейін сотталып, дүниесі тәркіленуі мүмкін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық