Ақмола облысында бір түнде 200-ден астам жолда қалған адам құтқарылды
Адамдар түні бойы ақтүтек қар басқан жолдардан эвакуацияланды, өңірде күшті қарлы боран болған.
Ақмола облысында қатты боран салдарынан 247 адам жолда қалып қойды. Құтқарушылар мен полицейлер түні бойы адамдарды құтқаруға мәжбүр болды. 11 наурызда күндіз және 12 наурызға қараған түнде күшті қарлы боран байқалды. Осының кесірінен бақылау-өткізу бекеттерінде 400-ден астам көлік жиналып қалған.
«Бір түннің ішінде құтқарушылар облыстың тас жолдарынан жылу пункттеріне барлығы 247 адамды эвакуациялады, оның 96-сы балалар. Эвакуация пункттерінде жергілікті атқарушы органдардың күшімен ыстық тамақ ұйымдастырылды. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында жолаушылар жолда тоңбаған» делінген хабарламада.
Атап өтілгендей, құтқару жұмыстары Бурабай, Шортанды, Аршалы аудандарында, сонымен қатар, тәулік бойы жүргізілді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық