Ақбұлақтық атқыштың отбасын үйінен көшіру туралы шешім сәуірге шегерілді
Фото: Orda.kz
Алматы қаласының Алатау аудандық сотының бес адамды өлтірді деп айыпталған Дужновтың отбасын көшіру туралы шешімі 2022 жылғы 7 сәуірге дейін кейінге қалдырылды.
Бұл туралы Orda.kz Алматы қалалық сотының апелляциялық комиссиясының 6 қазанда жарияланған шешіміне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Марқұм Нұрахмет Тұрғановтың Игорь Дужновқа, Анаид Демирчянға және Карина Дужноваға талап арызы бойынша соңғы шешімді осы жылдың 30 шілдесінде Алматы аудандық соты шығарды. Сотталушылар апелляция берді.
22 қыркүйекте Алматы қаласының Алатау аудандық сотында апелляция бойынша сот отырысы өтті, онда Анаид Демирчянның отбасын үйден шығаруға қатысты шағымы қаралды. Отырыс онлайн өтті, талапкердің өкілі қосылмаған, жауапкерді Артем Иванов деген біреу ұсынды, сондай-ақ оған Алатау ауданының білім басқармасының қызметкері қатысты. Тараптардың ешқандай өтініштері болған жоқ. Судья талапкердің жоқтығы туралы жауапкер өкілдерінің пікірін сұрады. Судья Гүлбадан Трумова болған оқиғаға байланысты сот бұл істе талапкердің қайтыс болғаны туралы куәлікті талап етеді деп шешім қабылдады. Отырыс кейінге шегерілді.
Естеріңізге сала кетейік, 20 қыркүйекте Алматыдағы Ақбұлақ шағын ауданының тұрғыны (іс бойынша жауапкер) үйден шығару кезінде қанды қырғын жасап, салдарынан талапкер Нұрахмет Тұрғанов қаза тапқан болатын. 54 жастағы Игорь Дужновты бес адам өлтірді деп айыптады. Алматы полиция департаментінен хабарлағандай, сот шешімін естіген үй иесі үйіне жүгіріп келіп, қару алып, бес адамды атып тастаған. Олар – сот орындаушысы, екі учаскелік полиция қызметкері, үйдің жаңа иесі және оның досы. Олар түгелдей оқиға орнында қайтыс болды.
23 қыркүйекте сот Дужновты тергеу изоляторына екі айға қамады.
Игорь Дужновтың өзі де кәсіпкер болған. Оған «Нано Плюс» ЖШС, оның жұбайы Анаид Демирчянның атына «Идеал Сервис» ЖШС тіркелген.
2011 жылы Дужнов-Демирчян жылжымайтын мүлікті – Ақбұлақтағы үйі мен Бағанашылдағы жер телімі бар ғимаратты – несие бойынша кепіл мүлік ретінде рәсімдеген. 2012 жылы несие бойынша жарналар оны алғаннан бері жүргізілмегендіктен, банк сотқа берген және 2014 жылы жеңіп шыққан. Үй аукционға шығарылған, ал Бағаншылдағы ғимаратты банктің өзі екінші сауда кезінде 16-шы әрекетте сатып алады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық