Ақбұлақтық атқыштың Донбастағы суреті жарияланды
Оң жағынан бірінші адам Игорь Дужнов
Алматы қаласы Алатау ауданы Ақбұлақ шағынауданында бес адамды атып тастаған Игорь Дужновтың Донбаста соғысқаны расталды. Ақпаратты ресейлік арнайы қызмет «Чиновник» телеграм арнасымен бөліскен.
Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.
Игорь Дужновтың бір кездері іс-түссіз екі жылға жуық уақыт жоғалып кетіп, кейін қайтып келгені туралы БАҚ бетінде ақпарат тараған.
«Ресейлік арнайы қызметтер Игорь Дужновтың (алматылық атқыш) Украинаның Донецк облысы аумағындағы қарулы қақтығысқа қатысқаны туралы ақпаратпен бөлісті. Дужнов Украинаның шығысындағы соғыс аймағына жіберу үшін еріктілерді жалдаумен айналысатын «Суть Времени» тәуелсіз құрылымының құрамында болған. Осы құрамның барлаушы тобында қызмет еткен» делінген телеграм арнадағы хабарламада.
20 қыркүйек күні кешкі сағат 17:00-де Ақбұлақта атыс болған. Бес адамды бірдей жер жастандырған күдіктінің есімі Игорь Дужнов. Ол 2011 жылы алған несиесін төлей алмай, кепілдікте тұрған үйінен сот шешімімен босатуы тиіс еді. Сонымен қатар оның Бағанашылда кәсіп жүргізген жылжымайтын мүлкі болған. Кейін үй аукцион арқылы басқа адамға сатылған. Оның жаңа иесі Нұрахмет Тұрғанов екені айтылды. Қолына үкімді ұстап келген екі учаскелік полиция мен сот орындаушы және үйдің жаңа иесі мен куә ретінде келген досы сол жерде қаза тапты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық